Одан кейін 4 сағат ұшып Джакартаға жетеді. Алғашқы екі күнде боксшыларымыз демалып, жергілікті климатқа, тамағына бейімделеді.
«Алғашқы екі күн — бейімделу уақыты. Ал 18-і күні ойындардың ашылу рәсіміне қатысамыз. 19-ында алғашқы кездесулерге дайындықты бастаймыз. Өзімізбен бірге 20 келі жылқы етін алып барамыз. Жігіттер кімге қанша және қай уақытта жеу керектігін өздері шешеді», — деді ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов.
Команданың дәрігері Ирек Сатовтың айтуынша, Азияның ыстық елдерінде ішек жұқпалы ауруларын жұқтыру қаупі жоғары.
«Сондықтан мүмкіндігінше қолды жиі жуу керек. Біз шүмектен ағып тұрған сумен тісті тазаламауға кеңес береміз. Бөтелкедегі суды пайдаланған жөн. Барлық уақытта да мұндай жарыстарға үлкен жүкпен барамыз. Ал бұл жолы Азиаданың медициналық штабы көмектесіп, кейбір дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді. Сондықтан бұл жолы Джакартаға дәрігер мен массажшы 40 келіден астам дәрі-дәрмек апара жатыр», — деді ол.
Айта кетейік, боксшыларымыздың шаршы алаңдағы кездесулері 24 тамызда басталады. Финалдық жекпе-жектер 1 қыркүйекте өтеді.