Басты бетЖаңалықтарТүрікменстан циклоны:...

Түрікменстан циклоны: алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» 18-20 тамыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті.

«Қазақстанның көптеген облысындағы ауа райына Түрікменстан аймағынан келетін жылы циклон әсерін тигізеді. Соның ықпалынан күн күркіреп, екпінді жел соғып, жылы жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы солтүстікте, орталықта және шығыста түнде 13-23 градус жылыға дейін, күндіз 25-35 градус жылыға дейін, оңтүстікте түнде 17-22, күндіз 28-26 градус жылыға дейін, батыста антициклонның шығуымен түнде 7-15 градусқа дейін, күндіз 17-25 градус жылыға дейін төмендейді», — делінген мекеме жариялаған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер бүгін — 17 тамыз күні атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағының кей жерлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауатынын, екпінді жел соғып, солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін екенін хабарлаған еді. Республиканың солтүстігінде және орталығында түнгі және таңертеңгі мезгілдерде тұман түседі. Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.