16 тамыз күні су добы мен гандболдан Қазақстан қыздар командасы мен баскетболшы ерлер арасында топтық кезең матчтары өтеді. Одан бөлек, Джакартадағы атлетикалық ауылда Қазақстан туы көтеріледі.
Спорт түрі: Баскетбол. Ерлер (5х5). Топтық кезең.
Басталуы: 09:00 (Астана уақытымен)
Қазақстан туын Джакартадағы Азия ойындары қарсаңында салтанатты түрде көтеру рәсімі. Басталуы 10:15.
Спорт түрі: Су добы. Әйелдер. Топтық кезең.
Басталуы: 16:10.
Спорт түрі: Гандбол. Әйелдер. Топтық кезең.
Басталуы: 17:00.
Гандболшы қыздар Қытай командасымен, баскетболдан ерлер командасы Филиппинмен сынға түседі. Су добынан да қыздар командасы Қытай құрамасымен бақ сынасады.