Түркияға жол ашылған соң «Мәскеу-Анталия» әуе рейсінің билеті 75 пайызға қымбаттаған

Ресей туроператорлар қауымдастығының сұрауымен дайындалған Aviakassa онлайн-агенттігінің есебі бойынша, Мәскеу-Анталия бағытының тасымалдау пакеті тұрақты рейске енген сәттен бүгінге дейін билеттің орташа құны 75,6% қымбаттаған.

Pegasus Airlines компаниясында билет құны 30,7% қымбаттаған. Олар маусым айының соңында Анталияға билетті бір бағытқа 7,5 мың рубльге сатқан. 1 тамыз күні ұшатын билетті 9,8 мың рубльге алуға болады. «Әзірбайжан Эйрлайнз» билеттері 264% қымбаттаған. 1 тамызға билетті 13,5 мың рубльге сатуда, деп хабарлайды АТОР.

Айта кетейік, Ресей президенті Владимир Путин ресейліктер үшін Түркияға туристік пакет сатуға салынған тыйымды алып тастады.

ДереккөзҚазАқпарат