Parker Solar Probe зонды Канаверал ғарыш айлағынан ұшырылды. Мамандар аппарат көмегімен Күн белсенділігі туралы жаңа деректерді алып, Күн желдерінің параметрлерін өлшеуді көздеп отыр.
Ғарыш аппараты жеті жыл бойы Күнге қарай ұшып, соңында жұлдыздан алты миллион шақырым қашықтықта болады. Мұндай қашықтыққа дейін ешқандай ғарыш кемесі жетіп көрмеген.
Межедегі температура 1377 градусқа дейін барады. Құрылғының корпусы қалыңдығы 11,4 сантиметр болатын көміртегі бар қалқанмен жабылған.
3-2-1… and we have liftoff of Parker #SolarProbe atop @ULAlaunch’s #DeltaIV Heavy rocket. Tune in as we broadcast our mission to “touch” the Sun: https://t.co/T3F4bqeATB pic.twitter.com/Ah4023Vfvn
— NASA (@NASA) August 12, 2018