Қазақстан-Британ техникалық университетінің акциялары сатылып жатыр. Барлық акцияның бастапқы бағасы — 11,3 миллиард теңге. Сауда ағылшын әдісімен көтеріледі.
Сонымен қатар осы акцияларды сатып алушы 10 жыл уақыт бойы профильдің қызметін сол күйі сақтап, жалғастыруы міндеттелетіні айтылады. Бұдан бөлек, сатып алушы жатақханалардағы студенттердің бөлмелеріндегі жағдайды бес жыл бойы сол күйінде қалдырып, ғимараттардың барлығын білім және ғылым қызметтерін көрсету мақсатында қолдануы керек. Сатып алушы екі жыл уақыт ішінде мүліктерді иесіздендіріп, оны кепілге қоя алмайды.
ҚБТУ ғимараттары үш жерде орналасқан: басты ғимарат — Төле би көшесі, № 59 үйде, екінші «Бектұров атындағы химия институты» АҚ Уәлиханов көшесі, № 106 үйде орналасқан. Ал Қонаев көшесі, № 142 үйде «Д.В.Сокольский атындағы Жанармай, катализ және электрохимия ғылыми-зерттеу институты»АҚ ғимараты бар.
Сауда 2018 жылдың 6 қарашасына белгіленді.