Құрылыстан қоғамдық көлікке дейін: Исекешев қандай мәселелерді шешуді тапсырды?

Астана тұрғындарын не алаңдатып отыр? Осыны білу үшін Әсет Исекешев қаланы бірнеше рет аралап шығып, апталық жиын өткізді, онда әкімнің орынбасарлары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары елордалықтар көтерген өзекті мәселелер жайында баяндады.

Сонымен ерекше бақылауда тұрған бағыттың бірі — тұрғын үй сапасын қамтамасыз ету мен проблемалы объектілер мәселесін шешу. Өткен аптада ведомствоаралық комиссия 26 даулы үлестік құрылыстың объектісін қарады. Сонымен бірге «Елорда құрылыс компаниясы» өкілетті ұйымымен «Территория комфорта 1 — Астана» ТҚК құрылысын бірлесіп аяқтау жөніндегі келісімшартқа қол қойды әрі қаржылай және техникалық аудит, техникалық зерттеу мен жобалау-сметалық құжаттама жүргізуге конкурс жарияланды. «Гарант Успеха» ТҚК бірлесіп, құрылысы бітпей қалған «Азбука жилья» — «Гарант» ТК құрылыс компаниясының объектілерінің құқығын орнатып, құқығы барын растайтын құжаттарды да тапсырды.

«ASI инвестициялық құрылыс компаниясы» ЖШС объектісінің ахуалы да айтылды, оның ішінде «Жағалау 3» КТҮ, блок А-Ж, «Жағалау 4» ТК полигон 4, «Шығыс» ТК 3А және 3Б» тұрғын үй тобы объектісі бойынша «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС-мен бірлесіп жұмыс істеу туралы келісімшартқа қол қойылды.

 

Әсет Исекешев өкілетті органдарға 1500-ден астам үлескердің көп бөлігін қамтитын  «Шығыс» 1А, 1В, 2А, 2В, 4 тобы (1-3 кезек) және 5 топ (2, 3 кезек) объектісі бойынша  5 күн ішінде әріптестік туралы келісімшартқа қол қою керектігін және жақын арада құрылысты бастауды тапсырды.

790d80caa8ab50bc45f4adf06ff Құрылыстан қоғамдық көлікке дейін: Исекешев қандай мәселелерді шешуді тапсырды?

196eb4aedcf3f3998731ed8f079 Құрылыстан қоғамдық көлікке дейін: Исекешев қандай мәселелерді шешуді тапсырды?

Күн тәртібінде «Астана – жайлы әрі өмір сүруге қауіпсіз қала» бағдарламасының шеңберінде жобаны іске асыру да болды. Әкімдіктің негізгі жұмыстарының бірі — аулаларды дамыту. Әкім бүгінде Астанада 1400 аула аумағы барын еске салды, соңғы екі жылда 300-ден астам аула абаттандырылған.

Осы жылы 300 аула абаттандырылады. Жоспарланғанның ішінде жыл басынан бері Алматы ауданында 105 аула салынды. Ал Есіл ауданының аумағында қала билігі жылдың аяғына дейін 10 ауланы салып бітірсе, Сарыарқа ауданында 100 аула салу жоспарланған. Оның 20-сы салынып бітті. Байқоңыр аумағында осы жылы 7 аула салынады.

Исекешев 2019 жылға дейін барлық ауланы абаттандыруды аяқтауды тапсырды. Оның айтуынша, аула территорияларын дамытудың қатарына халықтың барлық санаты үшін, оның ішінде балалар, зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қоғамдық және креативтік кеңістіктерді дамыту да кіреді: олар — саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер жолы мен бульварлар.

42fb32cc361ba2ec004b9308aa5 Құрылыстан қоғамдық көлікке дейін: Исекешев қандай мәселелерді шешуді тапсырды?

7189f4915bea95347f7e136a20c Құрылыстан қоғамдық көлікке дейін: Исекешев қандай мәселелерді шешуді тапсырды?

Бүгінге дейін «Абу-Даби Плаза» мен Ботаникалық саябақ кешендерінің арасында орналасқан Ақмешіт пен Түркістан көшелері шекарасындағы Линейный саябағының  құрылысы аяқталды. Әкім осы саладағы жұмыстарды жалғастырып, бос уақытты өткізетін қоғамдық жаңа аумақтардың құрылысын ерекше бақылауға алуды тапсырды.

4b3e0691dd7043786cbef9652e2 Құрылыстан қоғамдық көлікке дейін: Исекешев қандай мәселелерді шешуді тапсырды?

44924acce4f3cdac83f2d98e8df Құрылыстан қоғамдық көлікке дейін: Исекешев қандай мәселелерді шешуді тапсырды?

Сонымен қатар Әсет Исекешев тұрғын үйлерге қызмет көрсету сапасын әкімдіктің басымдық беретін жұмыстарының бірі екенін айтты. Осы бағыт бойынша тапсырмалардың орындалу барысы туралы әкімнің бірінші орынбасары Сергей Хорошунның баяндамасы тыңдалды. Хорошунның айтуынша, қызмет көрсетуші компаниялардың жұмысына қатысты кінәраттың бірі тұрғындардың өзінің туындаған мәселеге салғырт қарауы және тұрғын үйдегі жалпы мүлікті ұстап тұру шығынын өзара бөліскісі келмеуі себеп. Астанада жалға берілетін пәтерлер өте көп, соның салдарынан жалға берушілер ПИК жиналыстарына қатыспайды. Ал тұрғындардың көбі пәтер иелерімен қоса үйге және айналасындағы аумақты күтуге ақы төлемейді.

Бүгінде астана аумағында кондоминиум объектілеріне қызмет көрсететін 486 ұйым бар. Оның ішінде қызмет көрсетуші компаниялардың 50%-ы жақсы жұмыс істеп жатыр, 30%-ы қанағаттанарлық жағдайда болса, қалған 20%-ы тұрғындардың көңілінен шықпай отыр.

Осыған байланысты соңғы екі айда барлық қызмет көрсететін компанияға қатысты 107 ПИК-ке тексеру жүргізіліп, нәтижесінде айтылған ескертулерді жоюға ұйғарым берілді. Оның ішінде 8 ПИК-ке қатысты сот органдарына іс жолданып, әкімшілік айыппұл салынды.

8726d25224393da0797a43cb5d8 Құрылыстан қоғамдық көлікке дейін: Исекешев қандай мәселелерді шешуді тапсырды?

Жоғарыда айтылғандарды ықылас қойып тыңдаған әкім өз жұмысын жауапсыз атқарған ПИК-терге қатысты шағым-арызды жалғастыруды тапсырды. Өз міндетін  орындаудан қасақана жалтарған ПИК пен өз уақытында төлемеген тұрғындарға сеніп тапсырылған мүлікті қандай шығынға батырғанын анықтау үшін құқық қорғау органдары тексеру жүргізеді. Сондай-ақ лифт шаруашылығы саласында да дәл осындай тексеру жүргізу керектігі тапсырылды.

e28471f25151d8bc3248b02f2fe Құрылыстан қоғамдық көлікке дейін: Исекешев қандай мәселелерді шешуді тапсырды?

Бұдан бөлек, қаланы аралау жиыны барысында әкім қала тұрғындарына қауіп төндіретін тұрғын үйлердің қасбетін де қарап шықты. Сергей Хорошун техникалық жағдай бойынша ревизия нәтижесінде 107 үйдің қасбетінде осындай проблема бары анықталғанын мәлімдеді. Оның ішінде 85 үйдегі ескертулер алып тасталды.

Қазіргі таңда 12 үйде осындай ақаулар анықталып, жөндеу жүргізіліп жатыр. Қалған 9 үйдегі мәселе шешілмеген күйінде қалып отыр, өйткені оның көбі даулы үлестік құрылыс объектілерінде орналасқан әрі ауа райының қолайсыздығынан зақым келген. Осыған байланысты әкім жергілікті бюджеттен қаржы бөліп, бұл нысандардың қасбетін қайта жөндеуді тапсырды.

6d0126129a5093d8d21c626a0c1 Құрылыстан қоғамдық көлікке дейін: Исекешев қандай мәселелерді шешуді тапсырды?

Қалалық сәулет, қала салу және жер қатынастары басқармасы басшысы Бақтыбай Тайталиевтің мәліметінше, қазіргі таңда 200-ден астам объект өздігінен салынған әрі адамдардың өмірі мен қауіпсіздігіне айтарлықтай қатер төндіреді деп танылды. Оның арасында жеке тұрғын үй құрылысы, барак типтес баспаналар, хостел, басқа да коммерциялық бағыттағы ғимараттар бар. Сонымен соттың шешімімен 22 құрылыс сүрілуге кетеді деп жоспарланып отыр. Осыған байланысты өкілетті органдарға адамдардың өміріне қауіп төндіретін өздігінен салынған объектілерді сүруде принципшіл болу тапсырылды.

740c58237ee2299cad222430408 Құрылыстан қоғамдық көлікке дейін: Исекешев қандай мәселелерді шешуді тапсырды?

b46444bad3582e7303a2bfda17c Құрылыстан қоғамдық көлікке дейін: Исекешев қандай мәселелерді шешуді тапсырды?

Әкім нөсер канализациясы жұмысының сапасына да ерекше көңіл бөлді. Осы жылы Астанада жаңбыр суын шығаратын 11 нысанға қатысты жұмыс аяқталмақ. 2 магистральді коллектор мен 7 сору станциясы мен 2 тазартқыш ғимараттың құрылысы жүріп жатыр.

00f808bf9bf551b0da001845669 Құрылыстан қоғамдық көлікке дейін: Исекешев қандай мәселелерді шешуді тапсырды?

Әсет Исекешев қаланың ең осал үш бөлігіне қатысты жобаны іске асыруға кірісуді тапсырды: олар — Иманов пен Ғабдуллин, Момышұлы мен Тоқпанов көшелерінің қиылысы және «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ-на тиесілі теміржол вокзалы алаңы.

2469d65e59cd0a96a9f6a96ad6f Құрылыстан қоғамдық көлікке дейін: Исекешев қандай мәселелерді шешуді тапсырды?

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Барат Дұзақбаевтың есебін тыңдаған Әсет Исекешев оған 3 жылға арналған бағдарламалық қаржыландыру, соның ішінде мамандандырылған техникамен қамтамасыз ету, өрт сөндіру деполарының құрылысы, МЖӘ жобаларын қаржыландыру және ТЖД-нің қызметіне арналған ғимараттарды бөлу мәселелерін қарауды тапсырды.

cf09d510a34831d147b2840d9b0 Құрылыстан қоғамдық көлікке дейін: Исекешев қандай мәселелерді шешуді тапсырды?

Елорда әкімі Ikomek жүйесі мен әлеуметтік желілер қала тұрғындарының мәселелерін шешуге жете қарауға мүмкіндік беретінін баса айтты. Әкім «Астана ЛРТ» ЖШС басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердиновтің қоғамдық көліктің жұмысы жөнінде, төлем жүйесінің ашықтығын көтеруге әсер еткендігі туралы есебін де тыңдады.

50ae66c2890a6ecf2c56e5532bf Құрылыстан қоғамдық көлікке дейін: Исекешев қандай мәселелерді шешуді тапсырды?

db0f4ac6a5c0ff9a8b4fe6cc011 Құрылыстан қоғамдық көлікке дейін: Исекешев қандай мәселелерді шешуді тапсырды?

Исекешев «Астана ЛРТ» ЖШС жетекшісіне жүргізушілердің жұмысы мен автобустардың жай-күйіне қатысты жолаушылар түсіретін шағымдарға ерекше көңіл бөліп, оларды жедел түрде шешуді тапсырды.

9be506bc08b134f14e270388fcc Құрылыстан қоғамдық көлікке дейін: Исекешев қандай мәселелерді шешуді тапсырды?

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да