Диабетпен ауыратындардың Қазақстандағы жалғыз мектебі жабылуы мүмкін

Наталья Тукалевскаяның айтуынша, Қазақстанда бұл ауруды басқаруға үйрету қажеттілігі артып келеді. Дегенмен еліміздегі жалғыз мектептің қатысуға жоспарлаған әлеуметтік тапсырысы әлі жүзеге асырылмаған, кәсіпкерлерден сұраған көмек те ескерілмеген. Ал осы уақытқа дейін демеушілік жасап келген фармацевтика компаниялары мектепті толық қаржыландыра алмайды.

Алматыдағы қант диабетімен ауыратын науқастардың мектебі 2013 жылы ашылған. Содан бері 2,5 мың адам осы мектепте білім алған. Олардың 87%-ының қан құрамындағы қан деңгейі жақсарған.

«Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының тапсырысы бойынша көптеген ақпараттық материал шығардық. Қаладағы барлық науқас диабетті бірқалыпты ұстау туралы күнделікпен қамтылды. Күнделік қант диабеті алғаш анықталған адамдарға арналған», — дейді Диабеттік ағарту қорының атқарушы директоры Наталья Тукалевская.

Биылғы 1 шілдедегі нәтиже бойынша, елімізде 325 мыңнан аса адам қант диабетімен тіркеуде тұр және олардың саны уақыт өткен сайын артып келеді.

Дереккөз24.kz