Басты бетЖаңалықтар"Болашақ" бағдарламасы...

«Болашақ» бағдарламасы шет тілдерін білу талабын оңайлатты

Сайттағы мәліметке қарағанда, шет тілін білудің қажетті ең төменгі деңгейін төмендету мақсатында құқықтық-нормативтік актіге өзгерістер енгізілді.

Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы аясында академиялық дайындықтан өту үшін үміткерлерге шет тілдерін мына деңгейде білу жеткілікті:

Неміс тілі (Goethe-Zertifikat А1, DAAD 10- 5.0)

Француз тілі (TCF 100, DELF A1)

Корей тілі (TOPIK (level 1)

Жапон тілі (Nouryekushiken 5 деңгейі).

Шәкіртақы алатындардың тілді үйрену үшін 1 жылға Австрияға, Германияға, неміс тілін үйрететін Швейцарияға, Францияға, Корея мен Жапонияға барып, білімін шыңдауға мүмкіндіктері бар.

Қаулының күшіне енетін күні алдағы уақытта хабарланады.

Айта кетейік, осыған дейін «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқығысы келетіндерге алдағы бес жыл ішінде талап өзгеретіні хабарланған еді.

ДереккөзTengrinews.kz