http://24.kz/kz/zha-aly-tar/ekonomika/item/184684-2020-zhyl-a-araj-elimizdegi-zholdardy-7-my-sha-yrymy-a-yly-bolady

Алматы – Талғар тасжолының тарлығынан таңғы және кешкі уақытта көлік кептелісі болады. Тасжол бойындағы Бесағаш, Белбұлақ сияқты жеті ауылдың жұртына жолдан өту қиынға соғады.

Әзірге құрылыстың сметалық жобасы ғана бар. Республикалық бюджеттен қаражат бөлінбеді. Құрылысты “Қазавтожол” АҚ-ның Алматы облыстық филиалы жүргізеді.

“Республикалық маңызды жолдарды ғана емес, осындай елді мекендер арасындағы жолдарды да реттеуіміз керек. Сол арқылы жол қатынасы мәселесін шешу керек. Өз тарапымыздан соның мүмкіндіктерін жеделдету жолдарын, қаражаттық мәселелерін шешуге өкіметтің алдында талап қоямыз ғой деген пікірдемін”, – деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаев.

Алматы – Талғар тасжолымен тәулігіне 40 мың көлік қатынайды. Қос қаланың аралығы 25 шақырым, кеңейту кестесіне оның 12 шақырымы енгізілген. Жоба бойынша Тұздыбастау – Талғар аралығы ғана төрт жолақты жолға айналады.

“Жолды кеңейтіп қана қоймай, аялдама салу, көгалдандыру, жаяу жүргіншілер жолын реттеу де қарастырылған. Шамамен, 600-650 миллион теңге керек деп отырмыз. Қосымша қаржы керек болуы мүмкін. 2019 жылы жұмысты бастап, сол жылы қолданысқа береміз”, – деді “ҚазАвтожол” ҰК” АҚ Алматы филиалы директорының орынбасары Қуаныш Ескендіров.

Ұқсас жазбалар

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!