Басты бетЖаңалықтарАлматыда триатлоннан...

Алматыда триатлоннан Азия Кубогы басталды

Байқауға 16 елдің 60-тан астам атлеті қатысады. Халықаралық спорт сайысы екі күнге созылады. Бірінші күні жүгіруден, жүзуден және велоспорттан кәсібилер жарысқа түседі. Екінші күні әр түрлі жастағы 150-ден астам әуесқой спортшы бәсекеге қатысады.

«Біз қала тұрғындарының белсенді және салауатты демалуына жағдай жасаудамыз. Қалада 68 шақырым веложол абаттандырылды, алдағы уақытта оны 100 километрге жеткіземіз. Қазір студенттер арасында футзалдан өтетін әлем Чемпионатына дайындалып жатырмыз. Халықаралық алқалы сайыс тамыз айының соңында Алматыда өтеді. Оған әлемнің 24 елінен спортшылар келеді», — деп атап өтті өзінің құттықтау сөзінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек.

Жарысқа дайындық барысында Сайран өзенінің су арналары «Таза қалада өмір сүр!» акциясы барысында тазартылып, 6 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Балалар алаңы мен спорт алаңдары, футбол алаңы және ұзындығы 5 км болатын жүгіру жолы іске қосылды.

Жыл басынан бері Алматыда 250 мыңнан астам адамды қамтыған 2,5 мың спорттық және денешынықтыру-сауықтыру шаралары өтті. Қатысушылардың 2,5 мыңнан астамы — мүмкіндігі шектеулі азаматтар.