Сайран
©foursquare.com

ҚР «Тарихи- мәдени мұралар  обьектілерін  қорғау және пайдалану туралы» Заңына сәйкес  нысанға тарихи және мәдени  ескерткіш мәртебесін  беру үшін ол  алдын  ала жасалған есеп тізіміне  енгізіледі.

Нысанның мәртебесі туралы нақтылы шешім қабылданғанға дейін осы  Заңға сәйкес ол тарихи- мәдени мұралар ескерткіштерімен бірдей қорғалады.

Заңға сәйкес оны пайдаланушы ескерткішті қорғағандай мұқият болуы тиіс. Яғни, ғимараттың сыртын,ішін қайта жасауға, конструкцияларын алу, қосалқы құрылыс салуға, мақсатты пайдаланылуын және айналасын өзгертуге тыйым салынады. Ғимараттың ішін жөндеу немесе қайта жасау үшін өкілетті органның келісімі қажет.

Айта кету керек, бұрын  Алматы әкімі Бауыржан Байбек заңнамаға сәйкес «Сайран» автовокзалын жергілікті маңызы бар тарихи ескерткіштер тізіміне енгізу туралы мәселені қарауды тапсырған болатын. Кейін меншік иесі аймақты дамытудың алдын  ала жасалған  тұжырымдамасын ұсынды. Автовокзалдың көлік логистикасын толық қайта жасау және оның айналасын субұрқақтармен, дәмханалармен, жасыл желектермен және балалар алаңдарымен қоса толық абаттандыру жоспарланған.

Бұлардан өзге, Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы бойынша «Атакент» АҚ  арасындағы 23 гектар жерді уақытша жалға беру жөніндегі келісім  күшін жойды. Кейін «Атакенттің»  басқарушы компаниясы жеке меншіктегі  8 гектар жерді де тегін қайтару жөнінде міндеттеме алған еді.

Көрме кешенінің басшылығы «Қала жаяу жүргінші үшін» тұжырымдамасына сай оның айналасын абаттандыру жұмыстарын одан әрі жалғастыратын болады.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!