Сенбі мен жексенбіде ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» мамандары 4-6 тамызға арналған ауа райы болжамын жария етті.

«Демалыс күндері республиканың көп бөлігінде ыстық болады, кей жерлерде күн күркірейді, өткінші жаңбыр жауады, солтүстікте екпінді жел соғады», — деп хабарлайды синоптиктер.

Температураның негізгі фоны 25-30, оңтүстікте және батыста 33-38 градус нөлден жоғары болады. Қазақстанның солтүстік және солтүстік-батыс облыстарында ыстық ауа райының кезекті толқыны болады, 5 тамыздан бастап, температура 25-32 градусқа дейін көтеріледі.

Бұған дейін «Қазгидромет» еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейетінін хабарлаған еді.