3 тамыз күнгі ауа райына болжам

«Қазгидромет» атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде бұршақ жауып, найзағай ойнап, тұман түсетінін хабарлайды.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында жел 15 м\с-қа дейін күшейіп, күндіз кей жерлерінде бұршақ жауады.

Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстанда түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.

Қарағанды, Жамбыл, Түркістан, күндіз Маңғыстау облыстарында да жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Алматы, Маңғыстау  облыстарында қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарында дала өрті қаупі күшті болады.