Көше фитнесі

Көше фитнесі
Фото: InAlmaty.kz

Кәсіпқой Fitness blitz нұсқаушылары жаттығамын деушілерге тамыздың 4-і күні 08.00-де Тұңғыш Президент саябағында тегін дәріс береді. Дәл осы уақытта М.Горький атындағы орталық демалыс және мәдени саябағында Fitness Empire Gym бапкерлері жаттығу өткізеді. Кезекті Almaty Street Fitness тегін жаттығулары «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында апта сайын ұйымдастырылады. Тегін жаттығу дәрістеріне кез келген адам қатыса алады. Ол үшін спорттық киім киіп бару жеткілікті.

Esentai Music Festival

Парвиз Назаров
©tengrinews.kz

Esentai Square-де өтетін жазғы фестивальдің үшінші айында алғаш болып Парвиз Назаров ән шырқайды. Тегін концерт 4 шілде күні 19.00-де басталады. Әнші-композитордың концертінде live band Sugarbeat өнер көрсетеді. Еске сала кетейік, әр сенбі сайын ұйымдастырылатын музыка кештері 26 тамызға дейін жалғасады.

Катрин Боханның кеші

Катрин Бохан
©Sxodim.com

Сенбі күні Катрин Бохан band «Ларисс Иванну Хачу» мейрамханасында ән салады. Жанды дауысты тыңдау — тегін.

Баскетбол турнирі

Баскетбол турнирі
©Sxodim.com

Жақында 3*3 баскетболы олимпиадалық спорт түріне енгізілді. 4-5 тамызда MEGA Park-те жыл сайын өтетін дәстүрлі баскетбол турнирі болады. Турнир әлемдік FIBA стандарттарына сай өткізіледі. 18 жастан асқан ер адамдар мен 16 жасқа толған қыздар тіркеуден өткен соң турнирге қатыса алады.

Қайырымдылық шарасы

Алматы Марафоны жүгіру тау
©voxpopuli.kz

4 тамыз күні Алматыда алғаш рет Charity Music Run қайырымдылық музыкалық жүгіру жарысы өтпек. Желаяқтар жарысты ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақтан бастайды. Музыкалық топтар жүгіру жолының бойында демеу болады. Саябақ сахнасында live band Touché және «Виватили Блок Бастер» шоу балеті өнер көрсетеді.

Қайырымдылық шарасына қатысу жарнасы — 4 000 теңге. Оған арқа қоржыны, жейде, нөмір мен нұсқаулық кіреді. Шарадан жиналған қаржы Алматыдағы балалар хирургиясы мен педиатриясы ғылыми орталығына аударылады. Марафонға қатысқысы келетін кез келген адам өзінің дайындығына қарамастан тіркеле алады.

K-POP би жарысы

K-pop
K-pop

Қазақстандағы бисүйер қауым үшін тұңғыш рет K-Pop Random Dance Game in Public шарасы өтеді. Шараны Алматыдағы Корея туризм қауымдастығы ұйымдастырады. Корей өнерінің жанкүйерілерінде Moskva Metropolitan-дегі би жарысына қатысып, түрлі сыйлық жеңіп алуға мүмкіндік бар. Бас жүлдеге Asiana Airlines Оңтүстік Кореяға жолдама ұсынады.