Атырауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол» марафоны өтеді

Ұйымдастырушылар — қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен дене шынықтыру және спорт бөлімі.

1 тамызда 19.30-да орталық көпірден «Жилгородок» ықшамауданына дейінгі аралықта 25 қайық, жеті су мотоциклі, бес моторлы қайық қатысатын шағын су көліктері шеруі болады. Марафон қатысушылары марафон жалауын және ҚР Мемлекеттік туын көтереді.

20.00-де Ретросаябақта «Біз адал жолды таңдаймыз» атты концеттік бағдарлама өтеді.

2 тамызда 10:00-де «Жұмыскер» мәдениет үйінде «Жемқорлықты түбегейлі шешу мүмкін бе?» атты дебат ұйымдастырылады. Сонымен қатар дәл осы уақытта «Авангард» ықшамауданы, 47-үйде орналасқан №1 қалалық орталықтандырылған кітапханада «Парасыз болашаққа. Өзіңнен баста!» акция-марафоны өтеді.

17.00-де «Жилгородок» ықшамауданы «Малибу» қалалық жағажайында волейболдан турнир ұйымдастырылады.