Қазақстандағы орташа жалақы мөлшері қандай болды?

2018 жылдың екінші тоқсанында бір жұмысшының орташа айлық атаулы жалақысы 162 751 теңге болды. Атаулы жалақы индексі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 108,5%-ға, нақты жалақы индексі 102,2%-ға тең болды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті хабарлады.

Салалық құрылымдар бойынша ең үлкен атаулы жалақы:

қаржы және сақтандыру қызметінде – 335,3 мың теңге;  (орташа республикалық деңгейден 2,1 есе артты);

кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 273,2 мың теңге (1,7 есе артты),;

өнеркәсіп саласында – 224,7 мың теңге (1,4 есе артты);

ақпарат және байланыс саласында – 238,4 мың теңге (1,5 есе артты);

құрылыс саласында – 212,8 мың теңге (1,3 есе артты) байқалды.

Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде болып шықты – 93,7 мың теңге, бұл республика бойынша орташа көрсеткіштен 42,4%-ға төмен.

Өңірлер бойынша ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 291,3 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,8 есе жоғары. Жамбыл облысында ең жоғары айлық еңбекақы көлемі 111,2 мың теңге болды, еліміз бойынша бұл орташа деңгейден 31,7%-ға төмен.

stat.gov.kz

Халықаралық стандарттарға сәйкес бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы қосымша ақыларды, үстемақыларды, сыйақыларды, сондай-ақ салықтар ен басқа да ұсталымдарды (табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналарын) есепке ала отырып қалыптастырылады.