- «Алтын алқа» жетінші сәби бір жасқа толған кезде және алты баласы тірі болған жағдайда ғана беріледі. Алты баласы бар аналарға «Күміс алқа» беріледі.
- «Алтын алқамен» марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған көп балалы аналар бірінші кезекте тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» Заңының 36-бабында көрсетілген.
- «Күміс алқа» алқасымен марапатталған көп балалы аналарға жергілікті бюджет есебінен жеңілдіктер белгіленуі мүмкін.
- «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, «Ана даңқы» І және ІІ дәрежелі ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға — 6,4 АЕК (15 392 теңге) төленеді.
- «Батыр ана» атағын алғандар, «Алтын алқа», «Күмiс алқа» алқаларымен марапатталғандар жер, мүлік және көлік салықтарынан босатылады.
- 5 баланы дүниеге әкелген немесе асыраған және оларды 8 жасына дейін өзі тәрбиелеген 53 жастағы әйелдер мерзімінен бұрын зейнетке шығады.
- «Алтын алқа», «Күміс алқа» иерлеріне тегін дәрі-дәрмектер төмендегідей аурулар анықталған жағдайда беріледі:
— Жүректің ишемиялық аурулары (ЖИА);
— Артериялық гипертензия;
— Созылмалы жүрек жетіспеушілігі (СЖЖ), оның ішінде дилатациялыкардиомиопатия;
— Асқазанның және ұлтабардың ойық жарасы;
— Остеоартроз.
Видеоны дайындаған Бекзат Исамбергенов.

5 Пікір