Мазмұнға өту
Басты бет / Видео /

Ата-баба аруағына сыйынуда тұрған ешқандай әбестік жоқ – Нұрсұлтан Назарбаев (Видео)

Нұрсұлтан Назарбаев

«Қазақстанның мұсылмандық діни нанымы әлдеқайда байсалды, толерантты. Сүннит діннің байсалды, зайырлы ағымы деуге болады. Біздің өз дәстүріміз, салт-санамыз бар. Қазақтар осы күнге дейін ата-бабасының аруағына сыйынып келген. Ал Құранда ешқандай аруаққа табынуға болмайды, тек қана Аллаға табыну керек деп айтылған. Бірақ мен жеті атамызды біле тұра олардың аруағына сыйынғаннан ешқандай әбестік көріп тұрған жоқпын», — деген Елбасының пікірі «Мемлекет басшысы» атты жаңа фильмде қамтылған.

Естеріңізге сала кетейік. 3 шілде күні көрермен назарына Қазақстан Республикасының президенті жайлы «Мемлекет басшысы» атты жаңа фильм ұсынылмақ. Фильмді сол күні сағат 21.00-де КТК арнасынан, 22.00-де Хабар арнасынан тамашалауға болады.

Мақалаға реакция

27 Пікір

  1. А
    Алтынай 10 жыл бұрын
    Бұрында әжелеріміз бірінші Алла, екінші аруақ жар болсын деп отыратын.
  2. М
    Маржан 10 жыл бұрын
    Дұрыс айтады. Қазақ атам аруақты ерекше құрмет тұтқан.
  3. Т
    Танат 10 жыл бұрын
    Қазақ халқы аруақыт ерекше қрмет тұтқан. Бұрын сарбаздар Абылайды, Қабанбайды, Малайсарыны тағы басқа аруақтарды ұрандап, шабуылға шыққаның білеміз.
  4. Д
    Досмақан 10 жыл бұрын
    Жаратқан жаппар ием жар болып, "Е, әруақ" қолдай көр деп бастайтын барлық ісін әкеміз. Әкемнің өзінің әкесінің діни білімдігі өте жоғары болғандығын үнемі айтып отыратын, "Бұқара" медресесін бітіргендігін. Сондықтан Елбасы дұрыс айтады онда тұрған дәнеңеде жоқ. Анау-мынау дейтіндерге бауырым әркімнің иманы өзінде, әркім өзі үшін жауап берді қиамет күнінде.
  5. А
    Айдос 10 жыл бұрын
    Президенттің ұстанымы өте дұрыс. Алла тағала еліміздің тыныштығын, халқымыздың тоқтығын, басшымыздың сабырлығын берсін. Осы жолымызда елді, жерді қорғаған ата-бабаларымыздың әруақтары қолдасын.
  6. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Ең бастысы Алла туралы ұмытпау керек!
  7. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Тек Аллаға табынып, сыйыну керек.
  8. А
    Альбина 10 жыл бұрын
    Жақсы фильм шыққан секілді. Асыға күтеміз.
  9. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Дін мәселесі өте терең. Оны жақсылап зерттеу керек
  10. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Біздің ата-әжелеріміз кезінде көп есіне алған аруақтарды
  11. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Ондай күштің барына сену керек шығар!
  12. А
    Аймұқан 10 жыл бұрын
    Әруақтарын есіне алған адам Аллла тағаланы үнемі естен шығармасына күмәнім жоқ. Құдай Алланы аузына алмайтындардан, әруаққа құран бағыштамайтындардан сақтасын.
  13. З
    Зарина 10 жыл бұрын
    Елімізге тыныштық берсін, Алла!
  14. А
    Алия 10 жыл бұрын
    Дұрыс айтады, Елбасының пікірімен келісемін.
  15. Е
    Ербол 10 жыл бұрын
    Елбасымыз жасасын!!! Осындай бейбит заманда омир сурип жатканымызга тауба! Ол биринши Елбасымыздын енбеги!
  16. С
    Санди 10 жыл бұрын
    Ата-бабамызға Құран бағыштап, әрдайым еске алып отыру керек
  17. Д
    Динара 10 жыл бұрын
    Дұрыс Аруақтардын рухына Құран мен дұға бағыштау керек, сиыну емес
  18. М
    Мақсат 10 жыл бұрын
    Дін мәселесі өте терең. Оны жақсылап зерттеу керек. Бірақ Елбасының айтқаны дұрыс нақыл
  19. М
    Мырзабек 10 жыл бұрын
    Осы жеті атамызды біліп, қыз алыспай отырғанның арқасында қазақ халқы ең таза халық болып саналады, аталарымыз дана болған ғой
  20. Ж
    Жарас 10 жыл бұрын
    Мазмұны ауқымды, сапалы кино сияқты, көруге кеңес беремін, өзім де асыға күтіп отырмын
  21. Р
    Расул 10 жыл бұрын
    Әжелеріміз әлі күнге дейін бейсенбіде иіс шығарып тұрады
  22. Л
    Лаула 10 жыл бұрын
    Қазағымның көңілі қандай дархан болса соған қарай Елбасы да бұйырған екен бізге, шүкір
  23. Э
    Эльмира 10 жыл бұрын
    Қызықты фактілер айтылған секілді. Көрген абзал.
  24. Д
    Дамира 10 жыл бұрын
    Ата-баба аруағының арқсында осы дәрежеге жеттік. Дін мен салт дәстүрді бір-бірімен салыстырмайықшы. Барлығына тыйым сала берсек осыдан араздықтар туындайды.
  25. C
    Cаламат 10 жыл бұрын
    Қазағым өлген адамдға жаназа намазын оқып бір Аллаға тапсырып жатады, артынан садақа беріп Аллаға дұға жасайды. Егерде өліп топырақ болып кеткен ата-бабаларымыз бір жәрдем көрсете алатын болса онда соларға бірден тапсыра салмайма өлікті! Ля ИллаҺа Иллала деген сөз Алладан басқа табынуға лайықты құдай жоқ деген мағынаны білдіреді! Алла өзіне серік қосқан адамды мөлдем кешірмейді, және Жанннатына кіргізбейді!
  26. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Алланың бұйрығынан асып кетуге қалай дәті барады
  27. Б
    бекет 9 жыл бұрын
    саламмат дұрыс аитасың ешқандай рухха сыинудың керегі жоқ ол үлкен күнə бұл құранда да аитылған. тек АЛЛА