Samsung компаниясы кәсіби саладағы табыс пен үй шаруашылығын қатар алып жүрген қазіргі қыз-келіншектерге арналған «Сен мұны қалай істейсің?» жобасын іске қосады.
Жоба шеңберіндегі байқау инновациялық кондиционер ұтып алуға мүмкіндік береді. Samsung-тің жоғары технологиялы тұрмыстық құрылғыларын сатып алатындар кімдер? Instagram жұлдыздары ма, мансап жолындағы еңбекқор әйелдер ме, үй шаруасындағылар ма? Компания бәріне үлгеретін тамаша кейіпкерлерді тапты.
Қазіргі уақытта жұмыс пен үйдегі тірлікті қатар алып жүріп қана қоймай, кәсіби жетістіктерге де жете білудің құпиясын түсіну үшін Samsung компаниясы «Сен мұны қалай істейсің?» жобасы аясында Қазақстан жұртшылығына жақсы таныс әрі сұлу, әрі жігерлі, әрі табысты үш әйелдің үйіне барды.
Әзірше алғашқы кейіпкерімізді таныстырайық: Ләйла Сұлтанқызы — қазақстандық тележүргізуші, танымал телешоулардың авторы, продюсері әрі жүргізушісі, медиаменеджер және екі ұлдың анасы.
Жоба жүргізушісі Ержан Рашев тосын сауалдар қоя отырып, кейіпкердің табысты болуының сырын біледі.
Бұл видеоны көріп, табысты әйелдердің жігер-күшінен біраз қуат алып, шабыттануға болады. Сонымен қатар 13-22 тамыз аралығында өтетін «Сен мұны қалай істейсің?» байқауына қатысуға мүмкіндік бар. Кейіпкерлердің сұрағына жауап беріп, жеңіске жете аласыз. Байқау жайлы толығырақ Samsung.kz сайтындағы «Акциялар» бөлімінен білуге болады.
Samsung Electronics компаниясы туралы
Samsung озық идеялар мен технологиялар арқылы бүкіл әлем бойынша адамдарды шабыттандырып, тұтыну нарығының келешегін қалыптастырады. Компания теледидарлар, смартфондар, тасымалдаушы құрылғылар, планшеттер, тұрмыс техникалары, желі жабдықтары, жадылар, LSI жүйелері және LED-шешімдер туралы әдепкі түсініктерді өзгертеді. Компанияның соңғы жаңалықтарын www.samsung.kz және news.samsung.com сайттарынан табуға болады.