Альпиниадаға 16 жастан асқан кез келген қатысушылар қатыса алады. Жасы 12-ден 16-ға дейінгібалалар ата-аналарымен бірге болуы тиіс. Тіркелу тегін (05:00-ден басталады).
Спорттық шараның ресми ашылуы 10:00-де.
Альпиниадаға қатысу үшін керек жабдықтар тізімі:
- Өзін-өзі қауіпсіздендіру белбеуі, жүйесі;
- 2 карабин;
- Бас киім (Каска);
- Күнге қарсы киетін көзілдірік;
- Күнге қарсыкрем;
- Тауға және трекингке арналған бәтеңке;
- Желге қарсы костюм;
- Жылы киімдер;
- Тағамдар мен сулар;
Естеріңізге сала кетсек, жартасқа шығу жолына тек каска мен өзін-өзі қауіпсіздендіру белбеуі бар қатысуышлары ғана жіберіледі.
Сонымен қатар, гондолды жол Альпиниада қатысушылары үшін белгіленген уақытқа дейін тегін:
- 05:00-ден 11:00-ге дейін -МедеуденТалғар асуына дейін
14:00-ден 20:00-ге дейін Талғар асуынан Медеуге дейін
12:30 –Комсомол асуының жабылуы
14:00 –Нұрсұлтан шыңының жабылуы
Альпиниада бағдарламасымен таныс болыңыздар:
05:00 – маршруттың басталуы: Медеу (1600 м.) – Шымбұлақ (2380 м.)– Талғар асуы (3200 м.) –Богданович мұздығы –Комсомол асуы (4000 м.) –Нұрсұлтан шыңы (4376 м.)
Айта кетер жайт, Альпиниада «Шымбұлақ –Нұрсұлтан шыңы» салауатты өмір салтын ұстанып, жастар арасында спортты дамыту мақсатында жыл сайын өткізіледі.
Нұрсұлтан шыңы (4376 метр теңіз деңгейінен жоғары) – Алматының кез келген нүктесінен көрінетін ең биік әрі әдемі шыңдардын бірі болып табылады.