“Қыдырып қайтайық” атты әннің бейнебаяны саяхаттау тақырыбымен үндес болғандықтан, клипте екі әншінің өзге елдегі хикаялары арқау болады.
“Туған жердің қадірін өзге елге барғанда бұрынғыдан да қаттырақ біледі екенсің. Біз де Кельнге барғанымызда елімізді сағынып үлгердік. Қалта телефонымызға кішігірім бейнебаян да түсірдік. Бұл кәсіби мамандардың туындысы емес, өз қолымызбен түсірілген видеолар жиынтығынан құралған дүние. Сондықтан сөгіп, жамандамаңыздар. Тек сіздер ән тыңдаған кезде әдемі көріністердің куәсі болсын деген ниеттен туындаған ой. Арнайы дайындық болмады. Ауа-райы да біз күткеннен салқын болды. Сондықтан киімдерін сынап, ренжімегейсіздер”, – дейді Фарида Жолдасованың менеджері Жамал Садырбай.
Әншілермен бірге Еуропаға олардың әкелері әрі продюсерлері де аттанған. Сондай-ақ Төреғали мен Фарида Германияда тұрып жатқан қазақтарға арналған концертті де қойып үлгерді.