Басты бетЖаңалықтарАлматыда "Деструктивті...

Алматыда «Деструктивті жат ағымдар» тақырыбында кездесу өтті

Кездесуді Қазақстан-Ресей медициналық университетінің оқытушысы, дінтану мамандығының магистрі Берикбаев Елнар өткізді. Жалпы кездесуге 41 адам қатысты. Кездесу барысында почта қызметкерлеріне жат ағымдардың ықпалы мен қазіргі таңдағы жағдайын таныстырып өтті.

Діни бірлестіктердің арасында қазақ халқының салт-дәстүріне қарсы шығып, зайырлы, мемлекеттік мекемелерге қарсы іс-әркеттерімен қоса мектептерде дене шынықтыру, музыка, бейнелеу секілді сабақтарды болдырмау керектігін ашық айтты. Осы секілді ережелерді ұстанатын ағымдардан сақтану керек екендігін және күдікті әрекеттер байқалса дер кезінде тиісті орындарға қоңырау шалу керектігі айтылды.

Сонымен қатар, семинарда емхана қызметкерлерінің де мәселелері талқыланды. Намаз оқуға мешітке барғанда бөтен адамдардың қолдан сатып жүрген кітаптарын алмауға және намаз оқуды үйретемін деп жүрген адамдардың әрекеттерінен сақтану керек. Интернет желісінде таралып жатқан әр-түрлі уағыздардан сақ болып, қажетті сұрақтарына жауапты мешіт имамдарынан сұрау керек екендігі айтылды.

Танысыңыздан немесе туысыңыздан дін туралы түсініксіз әңгімесін байқасаңыз, уақытында қалалық оңалту орталықтарымен байланысу керек. Семинарды қорытындылай келе, кез-келген еліміздің тұрғыны, діни түсініксіз жағдайларға тап болса, сол мезетте діни басқармамен байланысуға шақырды.