Басты бетЖаңалықтарАлматыдағы алып...

Алматыдағы алып тиіннің арзан нұсқасы жасалды

Бұл туралы  Facebook әлеуметтік желісіндегі «Астана, хочу похвалить/пожаловаться» аталатын парақшада қолданушы Қуат Ахметжанов хабарлады.

«Студенттер 23 миллион теңгені шығындамай-ақ, тегін тиінді салып шықты», — деп жазды видеоның сипаттамасында автор.

Әлеуметтік желі қолданушылары алып тиіннің арзан нұсқасын бірден қызу талқыға салды. Жастардың шығармашылық көзқарысына таңданыс білдірушілер көп.

«Міне, сәулет құрылысын кімге табыстау керек. Қазынаны да сақтайды, жастар да өзіне біраз табыс көзін тауып қалар. Але! Тағы кімнің қаласын безендіру керек?» «Жастар жарадыңдар! Өте керемет! Шынымен де, сабан ауылда көп емес пе, Әл-Фараби даңғылын түгел тиіндермен толтырып тастаса болады», — деген пікірлер жазылған.

«Қала әкімшілігіне айтар сөзім: сонша ақша шығындамай-ақ, осылай жасаса да болар еді. Жастардың ісі артық болмаса, кем түспейді», «Дереу Астанаға апарыңдар, сарышұнақты қоймай тұрғанда», — дейді қолданушылардың бірі.

Тиіннің жаңа нұсқасы жайлы өзінің Instagram парақшасында продюсер Баян Алагөзова да пікір білдірді.

«Қарасай ауданының студенттері 230.000 теңгеге тиін мүсінін тұрғызды. Бұл  -таңғаларлық жайт!!!», — деді ол.

10 күн бұрын Алматыдағы «Атакент» көрме орталығы алдында биіктігі 12 метр, салмағы 12 тонна болатын тиін мүсіні пайда болған еді. Ол сабаннан және металл мен ағаштан жасалған. Арт-жобаға 23 миллион теңге жұмсалған. Тиіннің мүсіні Алматы орталығында тоғыз ай, яғни, қыс ортасына дейін тұрады.