Алматыда тұңғыш рет түнгі велошеру өтеді

Қашықтығы 7,5 км құраған велошеруге 1000-ға жуық қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Олар «Нұрлы Тау» бизнес орталығынан бастап ҚР тұңғыш президенті саябағына дейін жүріп өтті.  

Мәреде қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар және велосипедтер ойнатылды. Оның бірін велошабандоз Виталий Герасимовтың ұлы Глеб Герасимов ұтып алды.  

«Кезінде «Экстрим» клубында өнер көрсеттім. Велоспорттан Спорт шеберлігіне үміткермін. Қазір әуесқоймын. Осы велошеру басталғаннан бері жібермей қатысып келемін. Енді міне өз баламды да осы спортқа бейімдеп жүрмін. Бірінші рет осындай сыйлық ұтып алдық, өте ризамыз. Ұйымдастырушыларға рахмет», — деді Виталий Герасимов.  

Қатысушылар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады. Басты сыйлық — велосипед.

Айта кетер жайт, бұл велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен 2018 жылы жоспарланған 21 велошерудің оныншысы болып саналады.