«Алматы қаласында Көк базардың маңында автотұрақтарда заңсыз ақша жинау дерегін анықтау бойынша рейд жүргізілді. Деректерді анықтауда қала көшелеріндегі тұрақ қызметкерлері ақша жинаған жағдайда 109 бірыңғай номеріне хабарласу керек», — делінген әкімдіктің Instagram желісіндегі ресми парақшасында.
Еске салайық, 20 қазанда Алматының көлік тұрағы инфрақұрылымын дамыту мәселесіне қатысты өткен жиында 1 қарашадан бастап тротуарлық типтегі автотұрақтарға ақының төленбейтіндігі жазылған еді. Салық төлеу кезінде заңбұзушылықтардың көптеп болуымен және келісімшарттағы міндеттердің орындалмауынан осындай шешім қабылданған.
«Бұл тыйымдар сауда орындарындағы, ойын-сауық орталықтары мен әуежай, вокзал және басқа да жер телімдерінде орналасқан автұрақтарға қойылып отыр. Тыйым салу 2016 жылы Алматы қаласындағы Ақылы автотұрақтар жүйесі енгізілгенге дейін қолданылатын болады», — деп жазылған хабарламада.