Барабанер өз сөзінде Астананың 20 жыл бойы қалай ертегідей қалаға айналғанына өз таңданысын білдіріп, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевке мемлекеттік қызметшінің, Эстонияның экс-президенті Арнольд Рютельдің Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жеке жолдауын жеткізуді өтінді.
«20 жыл ішінде ертегі қалаға айналып үлгергендеріңізге сүйсінгенімді жеткізгім келіп отыр. Мен жыл сайын осы жиырма жылдың бәрінде Қазақстанда болып, қалай өсіп жатқандарыңызға куә болдым. Осында ұшып келер алдын Президент Рюйтелмен жолықтым, ол маған Жібек жолы бойындағы барлық қалаларға табыс тілеп, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жеке сәлем жолдауымды өтінді», – деді ол.
Атап айтқанда, Эстония қонағының хабарлауынша, жолдауда Қазақстан мен Эстонияның арасында тығыз интеллектуалдық және экономикалық байланыс бары айтылған.
«Астана Азия мен Еуропаны біріктіріп жатқан үлкен пункт. Қазір Жібек жолы туралы көбірек айтылуда, бұл керемет концепция, сонымен бірге Еуропада да ежелгі ганзейлік қалалар жүйесі жаңғырып жатыр. Бүгінде бұл жүйеге 16 ел, 180 қала кіреді. Астана мен Таллиннің арасындағы достық өзара әрекеттесу күшті алаң жасайды деп ойлаймын. Бұл өзара әрекет жаңа құралдар блокчейн, криптовалюта базасында қалыптасуы мүмкін. Жаңа құралдар жаңа әрекеттесуге себеп болады», – деді Ханон Барабанер.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада екінші күн Global Silk Road Жібек жолы қалаларының мэрлер форумы өтуде. Іс-шараға әлемнің 60 елінен 3000 қатысушы, оның ішінде Жібек жолы елдерінің 73 қалалық әкімі, 30 саяси көшбасшы, 200 сауда өнеркәсіп палатасы және әлемнің трансұлттық компаниялары, сондай-ақ 150-ден астам шетелдік спикерлер мен модераторлар қатысты.