Қазақстанда үкіметтің 2007 жылғы 4 сәуірдегі «Сүзгілі, сүзгісіз темекілер мен папиростардың бөлшек саудадағы ең төменгі құнын белгілеу туралы» қаулысына түзетулер енгізуге сәйкес, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап темекі бағасы 20 теңгеге қымбаттап, 360 теңгені құрайды.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 1 қаңтарында темекінің ең төменгі құны 340 теңгені құраған.
