Біздің радакциямызға оқырмандардан төлем карталарымен қолма-қол ақшасыз төлем жасаудың мүмкіндіктері туралы сұрақтар келеді. Соған орай, нарықта жақында пайда болған жаңа карта туралы Сбербанк сарапшысы Эрик Сагирдан сұрап, білдік.
— «Ресейдегі Омсктің жоғары оқу орнына оқуға түсуді жоспарладым. Сондықтан, Қазақстаннан Ресейге ақшаны оңай аударуға болатын, мүмкін болса комиссия алмайтын төлем картасын аштырғым келеді». Михаил Устюгов, талапкер.
— Кез келген шетелдік үшін сапарда төлем картасынан қолма-қол ақша шығару мен басқа қызмет түріне төлем жасау оңай болу маңызды. Сондықтан Ресейде қолдану үшін «Сбербанк» АҚ-ның қазақстандық филиалынан Mastercard халықаралық жүйесінің «ALL IN» картасын пайдалануға кеңес береміз. Бұл картада бірнеше артықшылық бар. Біріншіден, тегін ашылады және жылдық қызмет көрсету комиссиясы алынбайды. Қазақстан, Ресей, Белоруссия елдердінде Сбербанк банкоматтарынан 50 мың АҚШ долларға дейін қолма-қол ақша шығаруға болады. Сонымен қоса, қызмет үшін комиссия алынбайды.
— «Мен кәсібіме байланысты Қазақстан мен Ресей арасында көп жүремін. Астанадағы іссапарларымның бірінде картадағы қаржым таусылып қалды. Тез арада ақша аудару қажет болды. Сөйтіп жақын жерден банк бөлімшесін іздеп, ақшаның түсуін күтуге тура келді. Банкке бармай-ақ ақша аударымдарын жасауға болатын карта бар ма?» Владислава Молодцова, кәсіпкер.
— Егер сіз қазақстандық Сбербанктің тұтынушысы болғанда мұндай қиындыққа тап болмас едіңіз. Сізге «ALL IN» картасын аштыруға кеңес береміз. Карта арқылы онлайн-банкинг жүйесіне тіркеліп, Сбербанктің Қазақстандағы желісінде комиссиясыз аударымдар жасай аласыз. Сонымен қоса, ALL-IN картасынан халықаралық төлем жүйелерінің (VISA, Mastercard, UnionPay) кез келген картасына ақша аудара аласыз.
— «Біз жұмыстағы әріптес, құрбыларымызбен дүкен аралағанды ұнатамыз. Өкінішке орай, біздің жалақы түсетін картамызбен төлем жасағанда бонус берілмейді. Мысалы, «Cashback» (сатып алынған тауар құнының бірнеше бөлігін сатып алушы шотына қайтару). Осындай мүмкіндіктері бар жалақы картасын қалай аштыруға болады?» Стелла Абдрахманова, бухгалтер.
— Егер Сбербанк картасымен жалақы алып жүрсеңіз, оны «ALL IN» картасына ауыстыруға болады. Ол үшін кез келген «Сбербанк» АҚ бөлімшесіне барыңыз. «ALL IN» арқылы сатып алынған әр тауар құнының 1,3 пайызы картаға қайтарылады. Cashback сатып алынған тауардың бағасына байланысты шектелмейді, яғни қандай қымбат тауар болса да қайтарылады. Мысалы, 500 мың теңгенің теледидарын сатып алсаңыз, 6500 теңге Cashback өзіңізге қайтарылады. Егер сіз автокөлік сатып алу үшін төлемді Visa Gold немесе MasterCard Gold картасы арқылы жасасаңыз өте қомақты көлемдегі Cashback біріледі. Ал, Nomad Club Mastercard World картасымен төлем жасау арқылы бонустық ұпай жинап, «Эйр Астана» әуекомпаниясының рейстеріне билетті жеңілдікпен ұтып алсаңыз болады.