ForteBank басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили мен филиалдың директоры Аббат Урисбаев қонақтарды жаңа кеңсемен таныстырды. Олар офистердің тұжырымдамасы мен стилі ұзақ талқыланғанын және Италияның DINN дизайнерлік компаниясының кәсіби мамандарымен мұқият әзірленгенін айтты.
Жаңа кеңсеге күні-түні жұмыс істейтін терминал мен банкомат орнатылған. The Financial Brand (АҚШ) басылымының бағалауынша ForteBank кеңселері әлемдегі ең үздік дизайндардың қатарында. Дегенмен, жаңа кеңсенің басты артықшылығы кезекке тұрғысы келмейтін тұтынушылар үшін өздігінен қызмет ету аймағының ыңғайлылығында. Сонымен қатар барлық қолданушыларға қажетті қызметтерді мобильді қосымша арқылы пайдалануға мүмкіндік бар және ол барлық пайдаланушылар үшін ашық.
«Көктемде барлық банк картасын қолданушылар үшін мобильді қосымша аштық. Еліміздің кез келген банк тұтынушысы ForteBank қосымшасын көшіріп, өз картасының нөмірін теріп, тіркелу арқылы біздің банктің кез келген қызмет түрін қолдана алады. Осыған дейін біздің сервиске 200 мыңнан астам қазақстандық баға берді, ай сайын мобильдік қосымша арқылы 2 миллионға жуық транзакция жүргізілуде. Біз күн сайын банкпен өзара іс-қимыл процесін неғұрлым тартымды, қолайлы әрі пайдалы ету үшін жұмыс жасап жатырмыз», — деп атап өтті ашылу салтанатында Гурам Андроникашвили.
Егер клиенттердің біреуі әлі онлайн-қызметтерді қалай пайдалануды соңына дейін білмесе, оған өздігінен қызмет көрсету аймағында сыпайы консультант әрдайым көмек беруге дайын. 2017 жылы банктің мобильді қосымшасы Қазақстанда №1 орынды иеленсе, ресейлік Markswebb сараптама агенттігінің бағалауымен ТМД елдеріндегі ең үздің 10 қосымша қатарында енді.
Сонымен қатар, салтанатты ашылу рәсімі аясында ForteBank пен Маңғыстау облысының әкімдігі арасында мақсаты өңірдің дамуына ықпал жасайтын жобаларды іске асыру, сондай-ақ халыққа сапалы банк қызметтерін көрсету болып табылатын ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
«Қаржы институттарының арасында ForteBank айрықша орын алып отыр және елдегі ең өтімді әрі тұрақты банктердің бірі болып табылады. Біз ForteBank пен Маңғыстау облысы әкімдігінің өңірдің одан әрі дамуы бойынша ортақ жоспарларының бар екендігіне және тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейтінімізге қуаныштымыз, бұл жөнінде бүгін қол қойылған меморандум куәландырып отыр», – деді ашылу рәсімінде Ералы Тоғжанов.
Қазірдің өзінде банк өңірде халыққа және компанияларға қызметтер көрсету бойынша көшбасшы орындарға нық сеніммен шығып келеді. Бүгінде ForteBank облыстық филиалының клиенттері — 34 000 астам жеке клиенттер және 3000 жуық кәсіпкерлер. ForteBank «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының белсенді қатысушысы болып табылады, ал Маңғыстау облысындағы филиал бірнеше рет бөлінген қаражаттарды игеру қарқыны бойынша көшбасшы болған. 2017 жылдың қортындысы бойынша филиал 2,5 млрд теңге тұратын 28 жобаны қаржыландырған.
Сондай-ақ ForteBank қаржыландырған «Нұр Капитал» бағдарламасы бойынша субсидиялаудың бірінші шартына қол қою жаңа офистің ашылуындағы ең басты сәттердің біріне айналды.
ForteBank — еліміздегі ең тұрақты, өтімді және жақсы қаржыландырылған банктердің бірі. 2 000 000-нан астам клиенттер бізге сенеді, бізде 19 филиал мен 100-ге жуық бөлімшелеріміз бар. 2017 жылы банктің мобильді қосымшасы Қазақстанда №1 орынды иеленсе, ресейлік Markswebb сараптама агенттігінің бағалауымен ТМД елдеріндегі ең үздің 10 қосымша қатарында енді. 2017 жылы The Banker бағалауымен «Қазақстандағы жыл банкі», «Global Finance» нұсқасы бойынша Қазақстанның ең үздік банкі деп атанды.