«Қазақстан» қонақүйінде конференцияда отырғанбыз. Кенеттен әлдененің құлаған дыбысы естілді. Сөйтсек, балкон құлапты. Шын айтам. Ешкімнің зардап шегіп айқайлаған даусы естілген жоқ. Терезе алдында отырғаныңда бетондардың құлап жатқаны қоқынышты екен», – деп жазады блогер Анна Шабалдина.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға болған жерді қазір полиция қоршауға алған.
Сонымен қатар әзірге қаза болғандар мен зардап шеккендер жайлы мәлімет жоқ. Куәгерлердің хабарлауынша, қонақ үй қызметкерлері оқиғадан ешкімнің зардап шекпегенін айтуда.
1975-1977 жылдар аралығында бой көтерген қонақүй сәулет ескерткіші деп танылған.
«Қазақстан» қонақүйі – Алматы қаласының тарихи ескерткіші. Дизайн және инженерлік өнер құрылысы 20 ғасырда салынған. 26 қабатты ғимарат қала символына әрі көркіне айналған.