«2017 жылдан бастап республика бойынша тегін кәсіптік техникалық білім жүйесі енгізілді. Соған байланысты республика бойынша 2600-ге жуық жас тегін кәсіптік оқыту бойынша оқып жатыр. Біздің өңірімізде де маман даярлау бағытында облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, мамандар білім алуда. Елбасымыздың биылғы 5 әлеуметтік бастамасы бойынша студент жастарды жатақханамен қамтамасыз ету жұмыстары да жүргізіліп келеді. Қабілетті маман дайындау жолында жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады», — дейді басқарма басшысы.
Шараның басты мақсаты – дарынды жастарды қолдау, үздік диплом иегерлерінің жаңа қадамдарына ақ жол тілеп, мамандықтарының білгірі болуына сеп болу.
Биылғы жылы Атыраудағы 25 техникалық және кәсіптік колледж бітірушілерінің саны – 5115, оның 388-і үздік диплом иегерлері.
«Бүгін мен үшін ерекше күн. Бізге білім берген ұстаздарымызға, ауқымды шара ұйымдастырған облыс әкімдігіне алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта осы меңгерген ұстаздық мамандығымды жалғастырып, беделді, білікті мұғалім болам деген сенімдемін», — дейді Қатира Дүтбаева Атырау гуманитарлық колледжінің студенті Алтынай Ақылбек.