— Астананың 20 жылдық мерейтойына орай Алматы қаласында дайындық шаралары қалай жүргізіліп жатыр?

— Астана қаласының 20 жылдығын кешенді атап өту мақсатында қала әкімдігі 2017 жылғы 13 қарашада «Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына дайындық және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын» (бұдан әрі – Жоспар) бекітті.

Жалпы алғанда, Жоспарда 103 іс-шара қарастырылған (оның ішінде ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер, мәдени және спорттық іс-шаралар және т.б.), бүгінгі күні оның 60-тан астымы іске асырылды. Қалғандары Астана күнін мерекелеу аясында өткізіледі.

Астана мерейтойына орай іс-шаралар жоғары қарқынмен атқарылуда

— Астана күніне орай қандай шаралар, концерттер ұйымдастырылуда және осы уақытқа дейін қанша шара ұйымдастырылды?

— Іс-шаралар жоспары шеңберінде 2017 жылдың 24 қарашасында түркітілдес елдердің қатысуымен  «Бағаналы ордам – басты ордам» тақырыбына  халықаралық жыршылар этно-фестивалі өтті.

2017 жылғы 10 желтоқсанда Республика сарайында Астананың өсіп-өркендеуіне сәулет, білім беру, денсаулық сақтау, құрылыс, БАҚ, әдебиет, өнер, кинематография, музыка және спорт салаларында қосқан үлестері үшін 20 номинация бойынша бірқатар тұлғаларға «Астана – ардағым!» сыйлығын табыстау рәсімі өтті.

Жеңімпаздар арнайы мүсінше, диплом және сыйақымен марапатталды. Бұл іс-шара Астана мерейтойын мерекелеудің бастамасы болды.

Сонымен қатар, 2017 жылғы 15 желтоқсанда Республика Сарайында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнін мерекелеу аясында «Астана Тәуелсіздіктің жемісі» тақырыбында салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара салтанатты жиналыс және мерекелік концерт форматында, сондай-ақ концерттік бағдарламаны бейнеконтенттік сүйемелдеумен өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

2017 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне және Астананың 20 жылдығына орайластырылған  қазақ күресінен «Еуразия Барысы»  Әлем кубогы ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, Астананың 20 жылдық мерекесі аясында 25-26 сәуірде колледж студенттері арасында өңіраралық «Worldskills» ұлттық чемпионаты өткізілді. Аталған жарысқа Алматы облысы мен Алматы қаласы колледждерінің студенттері қатысты.

2018 жылғы 8 мамырда Астананың 20 жылдық мерекесі аясында Алматыда алғаш рет ұлттық спорт түрі белдесуден ашық республикалық «Халық Барысы» турнирі өтті.

Халық барысы
Халық барысы. Фото: express-k.kz

Алматы қаласы Білім басқармасы Астананың 20 жылдығы аясында оқу үздіктері, аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылар үшін балалардың жазғы демалыстары кезеңінде «Астанаға саяхат» экскурсиясын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Ағымдағы жылғы 29 мамыр және 1 маусым аралығында Орталық мәдениет және демалыс саябағында «Бозторғай» Халықаралық балалар шығармашылығының ХХ мерейтойлық байқауы өткізілді. Аталған іс-шараға Қазақстанның барлық өңірлерінен, Ресейден, Болгариядан, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан балалар ұжымдары келіп, жалпы 3000-нан астам адам қатысты.

Сондай-ақ, 2018 жылғы 2-3 маусымда Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында «The Spirit of Tengri» халықаралық заманауи этникалық музыка фестивалі өткізілді. «The Spirit of Tengri» – бүкіл әлемнен «EthnoWorld» жанрындағы орындаушыларды жинайтын бірегей мәдени жобалардың бірі.

Сонымен қатар, 2018 жылғы 16-17 маусымда «Star of Asia» халықаралық фестивалі «Медеу» спорт кешенінде ұйымдастырылды. Аталған фестиваль халықаралық деңгейдегі ашық аспан астында өтетін ең үлкен музыкалық жоба болып саналады. Фестиваль кезінде Азия елдерінен келген қонақтар Елордамыз Астананың 20 жылдығымен құттықтап, өздерінің ыстық лебіздерін жеткізді.

Star of asia
Star of asia Фото: almaty.life

2018 жылғы 23-24 маусымда Боралдай Сақ қорғандары аумағында  «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» халықаралық этникалық фестивалі өтті. Фестивальдың басты мақсаты – қазақтар мен бүкіл түркі әлемінің тарихи және мәдени мұрасын насихаттау, ұлттық қолөнерді, салт-дәстүрді, идеологияны, жауынгерлік өнерді жаңғырту және мәдени алмасулар үшін платформа негізінде пайдалану.

Елордамыздың 20 жылдығы аясында оқу үздіктері, аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылар үшін балалардың жазғы демалысында «Астанаға саясат» экскурсиясы ұйымдастырылып, а.ж. 20 маусым және 24 шілде аралығында Астана және Өскемен қалаларына жалпы саны 800 оқушы, 48 мұғалім және 16 медперсонал баруы жоспарланған. Қазіргі уақытта «Астанаға саясат» экскурсиясы барысында 200 оқушы қамтылды.

2018 жылы Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік  тапсырысы аясында «Астана – Қазақстан тәуелсіздігінің символы» және «Астана – қалыптасқан мемлекеттің астанасы» тақырыптарында «дөңгелек үстелдер», қала жастарының белгілі ақын-жазушылармен, депутаттармен  3 кездесуі және 1 ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Бұдан өзге, ағымдағы жылдың 24-30 шілде аралығында Астана қаласының 20-жылдығын мерекелеу аясында Астанада Алматының Мәдениет күндерінің өтуі жоспарланған. Іс-шаралар аясында «Сүйікті балалар – сүйікті Астанаға» атты Қазақстанның барлық өңірлері балаларының жұмыстарының үш күндік көрмесі ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, 2018 жылы «Астана – ұлы дала елордасы» байқауы» жарияланған болатын. Байқау барысында 7 номинация бойынша жеңімпаз атанған журналистерді салтанатты марапаттау рәсімі ұйымдастырылып, әрбір номинация бойынша 1 000 000 теңге ақшалай сыйлығы ұсынылатын болады.

Сонымен қатар, 2018 жылғы 6 шілдеде Астана күніне арналған негізгі мерекелік іс-шара «Астана» алаңында өтеді. Мерекелік шара барысында қазақстандық эстрада жұлдыздары Астана туралы әндерді орындайды.

— Бұл мерейтойдың басқа іс-шараларға қарағанда ерекшелігі қандай болмақ?

— Іс-шараның өткізілу барысына кеңінен ақпараттық қолдау көрсету мақсатында Басқарманың, қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының ресми сайттарында байқаудың өткізілуі туралы бейнеролик орналастырылып, әлеуметтік желіде белсенді түрде таратылуда.

Елорданың 20 жылдығын мерекелеудегі басты ерекшеліктердің бірі әрі бірегейі Астана бүлдіршіндеріне арнап салынған балабақшаның сыйға тартылуы болмақ. Астана күніне орай ашылуы жоспарланған балабақша бір мезетте 240 баланы қабылдайтын болады.

— 6 шілде күні мерейтойдың қадірлі қонақтары кімдер болады деп күтілуде?

— Алматы қаласында Астана қаласының 20 жылдығын кешенді атап өту аясындағы іс-шараларға қала басшылығы, Мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, этномәдени бірлестіктердің және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен қала жастары қатысады.