Бір аптаның ішінде Астанада 10 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді

«Түсіндіру, алдын алу шараларды жүргізудің нәтижесінде көшедегі қылмыстардың, ұрлық-қарлықтардың, көліктерді айдап әкету оқиғаларының, интернеттегі алаяқтықтардың саны азайды. Сондай-ақ, «ізі суымай» 94 қылмыстың беті ашылып, іздеуде жүрген 5 қылмыскер тұтқынға алынды», – деді М. Қожаев.

Айта кетейік, қазіргі таңда Астанада абаттандыру ережелерін сақтауға қатысты шаралар жүргізіліп жатыр. Жолдың жүргін бөлігіне лайды шығарғаны үшін 3 құрылыс компаниясы, жүк көліктерінің 10 жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 6 мердігерлік ұйымға ескерту жасалды.