Басты бетЖаңалықтарАлдағы күндері...

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің мәліметінше, атлантикалық циклондарға байланысты еліміздің солтүстігінде алдағы күндері жауын-шашын болады. Ал оңтүстік өңірлерде жауын-шашын болмай, ыстық ауа райы сақталады.

«Алдағы үш тәулікте Қазақстанға Батыс Сібірден ылғалды және салқын ауа келеді. Сондықтан еліміздің солтүстігіндегі облыстарда ауа райы төмендеп, солтүстік-батыс желі соғып, жауын-шашын болады», — деді «Қазгидромет» өкілдері.

Сондай-ақ, оңтүстік облыстарда 23 маусымға қарай ыстықтың қайтатыны айтылады. Синоптиктердің айтуынша, онда ауа температурасы 33-38 градустан 28-35 градусқа төмендейді.

Дереккөзtengrinews.kz