Бағдарламаға еңбек және кәсіпкерлік қызметінен тұрақты табысы бар және баспанасы жоқ Қазақстанның кез келген азаматы қатыса алады. 25 миллион теңгеге Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларынан; 15 миллион теңгеге өзге аймақтардан үй алуға болады.
Бағдарламаның операторы ҚР Ұлттық банкінің еншілес ұйымы – «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ.
Айта кетейік, қатысушы-банктердің несие беруді бастағаны туралы ақпарат ҚР Ұлттық банкінің сайтында жарияланады.
Сонымен қатар, «7-20-25» бағдарламасын түсіндіру мақсатында Ұлттық банктың мобильді қосымшасында 2018 жылдың 19 маусымынан бастап «7-20-25» жаңа бөлімі іске қосылды. Онда аталған бағдарламаға қатысты қызықты сұрақтарға жауап алуға болады.
Бағдарлама туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің сайтында.