Үй алуға арналған «7-20-25» бағдарламасы бекітілді

Бағдарламаға еңбек және кәсіпкерлік қызметінен тұрақты табысы бар және баспанасы жоқ Қазақстанның кез келген азаматы қатыса алады. 25 миллион теңгеге Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларынан; 15 миллион теңгеге өзге аймақтардан үй алуға болады.

Бағдарламаның операторы ҚР Ұлттық банкінің еншілес ұйымы – «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ.

Айта кетейік, қатысушы-банктердің несие беруді бастағаны туралы ақпарат ҚР Ұлттық банкінің сайтында жарияланады.

Сонымен қатар, «7-20-25» бағдарламасын түсіндіру мақсатында Ұлттық банктың мобильді қосымшасында 2018 жылдың 19 маусымынан бастап «7-20-25» жаңа бөлімі іске қосылды. Онда аталған бағдарламаға қатысты қызықты сұрақтарға жауап алуға болады.

Бағдарлама туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің сайтында.

ДереккөзBaq.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Түркияда президент сайлаудың екінші кезеңі басталды

Түркияда 28 мамырда жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 8:00-де президент сайлауының екінші кезеңі басталды.

Абай облысындағы 93 ауылда интернет жоқ

2027 жылға дейін Абай облысының елді мекендерінің 94%-ын сапалы интернетпен қамтамасыз ету жоспарланды. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин желіде хабарлады.

Президент Александр Лукашенконың Қазақстан туралы мәлімдемесіне пікір айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь президенті Александр Лукашенконың сөзіне пікір айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев көктемгі егіс науқанымен танысты

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында көктемгі егіс науқанымен танысу үшін «Дайындық Агро» ЖШС-ға қарасты егістік алқабын аралап көрді.

Зейнеткерлер 1 шілдеден бастап БЖЗҚ-дағы барлық жинақ ақшасын шеше алады

Зейнеткерлер зейнетақы жинағындағы ақшасын үй сатып алуға немесе емделуге ала алады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Астана әуежайының ұшу жолағы не үшін жабылады? Министрлік түсіндірді

31 мамыр мен 7 маусым күндері Астана әуежайының ұшу жолағы сағат 13:20-дан 17:20-ға дейін жабық болады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлайды.