Басты бетЖаңалықтарПойыз апаты:...

Пойыз апаты: төтенше жағдай салдарынан 3 адам жарақаттанып, бір адам қаза тапты

Оқиға орнына ЖОТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ-нен 2 бірлік, АЦ автөкілігімен 7 адам, Шу ауданындағы төтенше жағдайлар бөлімінен 2 адам, 1 дана техника, «Төле би» ауылы маңындағы күрежолдық медициналық қызметінің шұғыл әрекет жасағынан 4 адам, 1 реанимобиль, шұғыл медицининалық жәрдемнен 2 дана техника және 6 адам тартылды.

Өз кезегінде оқиға орнындағы барлық жолаушылар «Шу» станциясына «Астана-Қызыл-орда» бағытындағы поездбен көшірілді.

Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің тікелей тапсырмасымен оқиға орнына облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.С.Орынбеков, облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.С.Жұманқұлов, Төтенше жағдайлар комитетінің Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының м.а. Т.Н.Сабиров, Жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары М.К.Байсеркенов «Казавиаспас» тікұшағымен аттандырылды.

Сонымен қатар, сағат 15.30-да «Жедел құтқару жасағы» ММ-нен 2 дана техника және 8 адам төтенше жағдай орын алған аумаққа көмекке келіп жетті.

Төтенше жағдайлар комитетінің Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінде жедел желі (51-35-75, 51-41-67) орнатылды. Онда ЖОТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ-нен және «Жедел құтқару жасағы» ММ-нен алдырылған психологтар тұрғындардың аталған оқиға бойынша сұрақтарына жауап беретін болады.