Жаз маусымында дұрыс тамақтану арқылы артық салмақтан тезірек арылуға да болады.
Бірінші ереже
Алдымен, кофе мен қара шай ішуді азайтыңыз. Ыстық күні кофе не шай ішсеңіз, жүрегіңізге ауыр тиюі мүмкін. Оның орнына минералды су мен табиғи шырындар ішу керек. Қара шайдың орнын жалбыз шайы баса алады. Ол дәмді әрі дәруменге бай.
Екінші ереже
Жазда жеміс-жидекті молынан жеу керек. Жемісті кешке емес, таңертең жеген дұрыс. Себебі таңда ағза жемістерді тезірек қорытады. Жемістен салат жасап жеп тұрыңыз. Алмұрт, қауын, апельсин, шабдалы, жүзім дәрумендерге бай болғандықтан, тез қорытылады әрі тойымды десерт.
Ағзадағы су деңгейін пайдалы азықпен де көтеруге болады:
- қиярдың құрамында 96% су бар;
- қызанақ құрамында 93% су бар;
- балдыркөк құрамында 94% су бар;
- қауын құрамында 91% су бар;
- саумалдық құрамында 92% су бар;
- құлпынай құрамында 90% су бар;
- грейпфрут құрамында 88% су бар;
- апельсин құрамында 86% су бар;
- папайя құрамында 89% су бар.
Осы аталған жеміс, көкөністерді мейлінше жиі жеп тұруға тырысыңыз. Жаз маусымында таңғы ас сағат 6-7-лерде, түскі ас сағат 11-11.30-да, ал кешкі ас сағат 18.00-де болғаны жөн. Ал егер аш қарынға ұйықтай алмасаңыз, сағат 20.00-21.00 аралығында жеңіл тамақтанып алыңыз.
Үшінші ереже
Көкөністер туралы да ұмытпағайсыз. Егер күнделікті жеміс пен көкөніс жеп тұрсаңыз, ағзаны барлық дәрумендермен қуаттайсыз. Жаздың аптабында ағзаны әлсіретпеу үшін фастфуд, майлы ет пен пісірілген тоқаш-наннан бас тартыңыз. Оның орнына жеңіл тамақтануға тырысыңыз.
Төртінші ереже
Күнделікті мәзіріңізге ботқа енгізіңіз. Сұлы, жарма, күріш ботқалары таңертең ағзаңызды қуаттап, жұмыста, кездесуде, серуенде өзіңізді жеңіл әрі тоқ сезінуге көмектеседі.
Жазда ас қорыту жұмысы неге жиі бұзылады?
- жылдың жылы мегілдерінде тағам өнімдерінде ішек жолдарының бұзылуына ықпал ететін микроағзалардың өсіп-өркендеуіне жағымды орта қалыптасады;
- жазда дүкен сөрелерінде көптеген жаңа өнімдер пайда болады, оларды жеп көру де тамақтану қателігіне, диеталық салмақ түсу, тағам өнімдерінің үйлесімсіздігіне әкелуі мүмкін;
- рационға жаңа өнімдерді қосу аллергиялық реакция тудырып, ал бұл ас қорытудың бұзылуына әкелуі мүмкін.
Күнделікті тамақтану режимінің ауысуы, рациондағы жаңа өнімдер, тазалық ережелерін сақтамау – мұның бәрі асқазан мен ішек жұмысының бұзылуына әкелуі мүмкін. Жүрек айну, құсу, жиі іш өту, дене температурасының көтерілуі, теріде бөртпе пайда болуы сырқатқа шалдығудың белгісі болуы мүмкін. Сондықтан дәрігерге көрінген жөн.
Қандай жағдай қауіпті?
- зәр түсі өзгерді (қызыл немесе қара қан кетудің белгісі, ақ немесе түссіз бүйрек ауруының белгісі)
- жоғары температура – ауыр инфекцияның белгісі
- ауырсыну, құсу, іштің кебуі – ішек инфекциясы, ішектің қорытпауы немесе соқырішек белгісі болуы мүмкін.