ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауларының бірінде — елімізде екі-үш жылдың ішінде дуалды техникалық және кәсіби оқытудың ұлттық жүйесінің өзегін жасау туралы нақты нұсқау бар. Сол тапсырмалардың ішінде болашақта жас қазақстандықтар үшін техникалық білім алу кепілдігі берілуі тиіс екені де айтылған. Бұл — үлкен жұмыс, және жүзеге асқан жағдайда елімізде жастар үшін әлеуметтік баспалдақ қалыптасып, әсіресе ауыл жастары үшін өз қабілетін ашуға мүмкіндік тудырады, сонымен бірге еліміздің өркендеп келе жатқан экономикасын кадрмен қамтамасыз ету мәселесі де шешіледі.

Қазақстанның модернизацияның жаңа кезеңіне аяқ басып, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын қолға алып, төртінші өнеркәсіптік революция жағдайына бейімделе бастауы жеткілікті түрде техникалық профильдегі мамандардың болуын талап етеді. Қазірдің өзінде ондай мамандардың тапшылығы байқалуда, және оларға сұраныстың толастайтын түрі жоқ. Сәйкесінше, білім беру жүйесінің алдында тұрған кезек күтіррмейтін мәселелердің бірі — еліміздің индустриалды дамудағы жаңа кезеңін жастарды экономикадағы сұранысқа сәйкес оқытатын кәсіптік-техникалық оқу орындарының кең тараған желісі болғанда ғана мүмкін. Мемлекетіміз қолға алған жобаларды тек осылай ғана жүзеге асыруға болады.

Жастарды Техникалық және Кәсіптік Оқуға (ТжКО) тарту үшін ҚР Білім және Ғылым Министрлігі облыс әкімдіктерімен бірлесе отырып, студенттерді кәсіби іріктеу негізінде жастарға кәсіби бағдар беру әдістемесін енгізген болатын. АЛғашқы кезеңдерде-ақ 1 480 орындық 3 колледж іске қосылып, сондай тағы да 5 оқу орны салына бастады және жұмыс істеп тұрған колледждердің 5 жатақханасы салынып, рекнострукциядан өткен болатын.

Сол кезеңдерде солтүстік аймақтарға оңтүстік аймақтардан реттелетін миграция бағдарламасы қабылданып, еңбек нарығындағы аймақтық және салалық теңсіздіктің сараптамасы жасалып, білімге қолжетімсіздік пен кадр даярлаудағы диспропроциялар анықталған еді.

Бастапқы кезеңде республикалық бюджеттен мемлекеттік тапсырысты 5 358 орынға көбейтіп, оның ішінде солтүстік және орталық аймақтардағы колледжерде оңтүстіктен келген жастарды мақсатты оқытуға басымдық берілді. Алғашқы 2014-2015 оқу жылы бұл орындармен 1 000 адам қамтылды. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан кепілді түрдегі техникалық және кәсіби білім беру мәселелері де пысықталды: ол бойынша жұмыстар 2015 жылы басталып, мемлекеттік тапсырыс көлемі біртіндеп өсірілді. 2017 жылдан бастап колледжерге бюджеттік негізде талап білдірген барлық адамға техникалық білім беру мүмкіндігі пайда болды.

Халықаралық тәжірибе кадр даярлауға салынған инвестициялардың қайтымды екенін, мұның капитал салудың сенімді модель екенін көрсетіп отыр. Сондықтан мамандардың жаңа толқынын даярлау тек мемлекеттік органдардың ғана емес, сонымен бірге бизнестің де міндеті. Соңғы кездері ТжКО жүйесі кешенді өзгерістерге ұшырап жатыр. Ол үшін бұрын, ЕуроОдақ тәжірибесіне негізделген ұлттық біліктілік жүйесі жасақталып, енгізілген еді. Қазірде біздің қолымызда салалық министрліктермен, кәсіподақтармен, Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасымен бірлесе отырып жасалған экономикада сұранысқа ие мамандықтардың тізімі бар.

Сабақтардың классификаторын жетілдіру жұмыстары да жалғасуда. 2018 жылға қарай салалық министрліктер, жұмыс берушілер қауымдастықтары, кәсіподақтар мыңдаған кәсіби стандарттар жасақтады. Жұмыс берушілер тарапынан түлектердің білігін тәуелсіз бағалау енгізіліп, жұмыс берушілер қауымдастықтарының негізінде біліктілікті дәлелдеу орталықтары жұмыс істей бастайды. Енді кадр даярлауды мониторинг жіне болжам жасаудың тиімді жүйесін жасақтап, енгізу мәселесі тұр. Сонымен бірге білім беру бағдарламаларының мазмұны дуалды білім беруді енгізуге байланысты жағарту жалғасуда. Ол практикалық машықтарға негізделетін болады. Инженер-техникалық кадрлардың біліктілігін арттырудың көпдеңгейлі жүйесін жасақтау мәселесі де шешімін тапты.

Бүгінде дуалды білім беру эелементтерін 176 колледж енгізген, олар 83 мамандық бойынша 40 мың оқушыны қамтып отыр. Әсіресе Павлодар, Шығыс Қазасқтан және Қарағанды облыстарындағы белсенділікті атап өтуге болады. Білім және ғылым Министрлігі 2020 жылға қарай дуалды білім беру эелементтері бар колледжердің үлесін 50% дейін көбейтуді жоспарлап қойды. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын жүзеге асыру жұмыстарын үйлестіру үшін 2014 жылы білім және ғылымдағы басым бағыттар жөнінде үшжылдық жоспар жасақталған болатын. Ол бойынша бүгінгі таңда облыс және Астана, Алматы қалаларының әкімдерімен мақсатты көрсеткіштерге жетуге байланысты меморандумдар жасалған. Сонымен бірге Білім және ғылым Министрлігі де жаңа құрылымда жұмыс істеп келеді.

ТжКО жүйесін модернизация жасау үшін қажетті шараларды заңнамалық демеу жұмыстары да толастаған жоқ. Кезінде бұл жөнінде «Білім беру туралы» және мазмұндас заңдарға ҚР Заңына өзгеріс енгізу үшін Парламентке бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар пакеті ұсынылған. Оның ішінде дуалды білім беру туралы нақты айтылған. ТжКО модернизациясын жасаудағы бағыттарды айқындаумен «Кәсіпқор» холдингі айналысты. Ол ТжКО-дағы «өсім нүктелерін» дайындаудағы жұмыстарды үйлестіріп, еліміздің барлық аймағындағы жаңа типтегі колледжерді қамтып, жалпы ТжКО-ның әлемдік инновациялық технологиялармен үндесе отырып жүйелі дамуын қамтамасыз етіп келеді. Алматы мен Астана қалаларында әлемдік деңгейдегі 2 колледж, 4 аймақаралық орталық пен он серіктес колледж салу жоспарланған. Бұл оқу орындары республиканың барлық колледжеріне оқу процесін ұйымдастыру мен алдыңғы қатарлы оқыту әдістерін апробация жасап, таратып отырады. «Кәсіпқор» колледжерінің тәжірибесі бүкіл ТжКО жүйесіне таратылады. Холдингтің дамуы — оның базасында инженер-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесін жасақтаумен тікелей байланысты. Ол жүйеден бүгінге дейін мыңдаған инженер-педагогикалық кадр өтті. Олар дидактикаға, жұмысшы мамандықтарға үйреніп, кәсіпорындарда стажировкалардан өтті, сертификация арқылы нәтижелеріне қарай жалақысына үстеме ақылы қосылды. Бүгінге дейін мұндай жүйеден өткен ИПК үлесі 20,2% құрап отыр.

Елімізде кадр даярлау мәселесін шешуге соңғы онжылдықта бюджеттен бөлінетін қаржы айтарлықтай өсті. Мысалы, техникалық және кәсіптік білімге бөлінген қаржы 2010-2013 жылдар аралығында шамамен 2 есеге артты (52,9 млрд теңгеден 91 млрд теңгеге дейін). Сол аралықта колледжердегі шеберханаларды жабдықтауға қаржы 6 есеге өсті (896 млн теңгеден 5,5 млрд теңгеге дейін). Аталған жұмыстармен қатар үлгерімі жоғары студенттер мен оқушыларды қолдаудың тиімті жүйесі де жасақталды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайын студенттердің стипендияларын ондаған пайыздарға жүйелі түрде өсіріп келеді. Дуалды оқыту жүйесіне көшу жұмыстары әрине, өте күрделі, бірақ шешімі бар мәселелер. Күнделікті табанды еңбек етіп, жоспар мен белсенділік таныта білсек, міндетті түрде жаңа жетістіктерге қол жеткіземіз. Көп нәрсеге қолымыз жетті, бірақ әлі де көп нәрсеге ұмтылуымыз керек. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай: «Қолымен жұмыс істейтін адам — еңбекқор. Ал егер қолымен де, басымен де, жүрегімен де жұмыс істесе — ол суретші. Еңбекпен келген нәрсенің барлығы бақыт пен бақуаттылық сыйлайды Біз бірге жұмыс істеп келеміз, елді дамытып, өмірімізді жақсартудамыз…».

Ендеше, дуалды оқыту мәселесі ауқымды мемлекеттік бағдарламалардың аясында ұсақ мәселе көрінгенімен, еліміз қазір ден қойып отырған — төртінші өнеркәсіптік революция кезеңінде бәсекелестікке қабілеттілік мәселесінде, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасында басты рөл ойнайтын мыңдаған жас мамандар даярлайтын мазмұны әлдеқайда кең жоспар.