ОҚО-да жол апатынан төрт адам қаза тапты

Үш адам қаза тапқан бірінші жол апаты Созақ ауданында болған. Болжам бойынша, жол бойында Lexus пен Audi көліктері бетпе-бет соқтығысқан. Екі көлікте алты адам болыпты.

«Lexus көлігін 69 жастағы ер адам, ал Audi тізгінінде 29 жастағы таксист болған. Жол апатының салдарынан оқиға орнында үш адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға жеткізілді. Audi жүргізушісі жансақтау бөлімінде жатыр. Зардап шеккендердің ішінде кәмелетке толмаған 1999 жылғы бала бар. Жантүршігерлік апаттың жай-жапсары анықталып жатыр», — деп хабарлады телеарна тілшілері.

Екінші жол апаты Шаянға барар жолда болған. «Таксомоторлық парктегі автокөліктердің бірі аударылып кеткен. Жол апатының салдарынан бір жолаушы, БАҚ қызметкері оқиға орнында қаза тапты. Такси жүршізушісі ауруханаға жеткізілді, ол да жансақтау бөлімінде жатыр. Істің мән-жайы анықталып жатыр», — делінген хабарламада.