Еңбек демалысына дейін әлі ұзақ болса, қалай шаршамай жүруге болады?

1. Орынды ауыстырыңыз

Психологиялық сынамалардың көбі, соның бірі  Want to Kick a Bad Habit? Change Your Scenery зерттеуінің нәтижесі бойынша, күнделікті жүретін орынды ауыстыру адамның көңіл-күйіне әрі жұмысты өнімді атқаруына оң әсер етеді екен.

Күнде бір үстел, бір орындық, бір компьютерді көру, көз үйренген төрт қабырға ішінде отыру, шынымен, адамды жалықтырады. Егер айналаңыз өзіңізге ұнамай, шаршата бастаса, заттардың орнын ауыстыратын сәт келді деген сөз. Егер бәз баяғы қалпында қалса, жұмыстағы негатив көбейеді.

Барлығын түбегейлі өзгертіп тастаудың қажет жоқ. Әдемі картинаны әкеліп, қабырғаға іліңіз немесе тірі гүлді үстеліңізге қойып қойыңыз. Жаныңызға не жақын — соны жұмыс орнынан да көруге тырысыңыз.

2. Жұмыс күнінің тәртібін өзгертіңіз

Адамдар мойындамаса да, іштей өзгерістен қорқатыны жасырын емес. Бір нәрсені қате істеп қоюдан қашамын деп те ойлауы мүмкін. Бірақ мұның соңы көбіне бір текті өмір сүруге алып келеді. Үйренікшікті жағдайға әбден бейімделген адамның бойынан ашуды, өзгелерге көңілінің толмауын жиі байқауға болады. Шынында, мұның бәрі адамның ішкі дүниесіндегі бір қуыстың пайда болғанын көрсетеді.

Desperately Seeking Sensation: Fear, Reward, and the Human Need for Novelty зерттеуінде нейробиологтар адам миының әрдайым жаңа дүниені қалайтынын дәлелдеген. 

Тіпті ең қарапайым өзгерістер адамның концентрациясын жоғарылатып, еңбекке деген құлшынысын арттырады екен.

Бұл тәсіл адамның креативті ойлау жүйесіне де әсерін тигізеді. Жұмыстағы күн тәртібіңізді өзгертсеңіз жаңа нейрон жүйелері пайда болады.

Кешкі жаттығуыңыздың уақытын таңға ауыстырыңыз. Жұмысқа бармай тұрып спортпен шұғылдансаңыз, өзіңізді еркін сезінесіз. Күнделікті бір мекеннен емес, басқа жерде тамақтаныңыз. Жұмысқа басқа жолмен барыңыз және т.б. қарапайым өзгерістерді енгізіңіз.

3. Смартфонды өшіріңіз

Бұл кеңес сізге ұнамауы мүмкін. Қалай адам телефонды өшіріп тастап жүре алады? Бұның пайдалы тұсы көп. Интернетте өткен уақытты барынша белсенді, қызықты өткізуге болады. Әлеуметтік желілерде өзгелердің өмірін, пікірін бақылағаннан гөрі, пайдалы іспен өзіңіз айналыссаңыз, өмірге басқаша қарағандай бола бастайсыз.

Жұмыс мәселесін достармен, туған-туыстармен кездескенде ұмытуға тырысыңыз. Жұмыс уақытына кірмегендіктен поштаға, ресми хаттарға жауап беруге міндетті болмауыңыз мүмкін. Сол себепті әр нәрсені қиындатпауға, артық жүк арқаламауға тырысыңыз. Әрине бұл кеңесті жұмыс уақытында қолдануға болмайды. Тек құрылғылардың уақытыңызды бекерге алуына жол бермеңіз.

Мүмкін жақын арада еңбек демалысына шықпайтын боларсыз. Бірақ уайымдамаңыз. Жұмыс мәселелерінен тәртіп сақтай отырып алшақтауға болады әрі барлығын жүрекке жақын қабылдамауға тырысу керек.