Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Асанәлі Әшімов: Жер мәселесінде халық не десе, сол дұрыс

«Жер мәселесінде халық не десе, сол дұрыс. Жер – Ана! Жерді сатуға болмайды. Сатты деген аты жаман. Бұл айтылмауға, мүлде қозғалмауға тиіс мәселе. Мен бұған қатты қарсымын. Қарсы пікірімді өткенде де айтқанмын жиналған топта. Ол жерде бір де бір кісі қолдаған жоқ. Жалға беру мәселесіне де қарсымын. Жердің гүлденгені, құлпырғаны, тозып кетпегені жақсы әрине. Әуелі өзімізді жарытып алуға тиіспіз. Мыңдаған гектар жерді басып алып, өңдемей жатқан дөкейлерден алып өңдейтін қарапайым шаруаларға берсе, қазақ жалқау емес қой. Менің сөзімді бұрмалап таратып жүргендер бар екен. Әдейі, аты бар адамдарды халыққа қарсы қойып, сөзін бұра таратып жүргендер нағыз жауыздар. Халыққа жаман атты көрсетіп қойған соң, қайда барсам сүйдепсіз ғой деп маған айтады. Қайсыбіріне ақталып жауап берем», — дейді халық әртісі.

Асанәлі Әшімов мемлекет тағдырының шешуші күші халық екенін айта келе, билік әрқашан да халықпен есептесуі керек деп санайды.

«Қара халық деген, ол – ұлы. Елдің бар-жоғын, шынын айтып тұратын халық. Мемлекеттің басына қатер төнсе оны сезінетін де, бұлқынып, көтерілетін де халық. Мемлекеттің тағдырының шешуші күші халық болып есептелуі керек. Билік сондықтан да халықпен есептесуі керек. Дағдарыс қара халыққа қашан да әсер етеді, миллиардерлерге де келуі мүмкін, олар кедейленіп, миллионер болуы мүмкін. Оны сезінетін бәрібір қаймана халық», — деді ол.

Мақалаға реакция

35 Пікір

  1. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Оте дурыс айтты жер сату деген созди айтудын ози уят
    1. А
      Аноним 10 жыл бұрын
      оте дурыс жерди жалга бергенше кангып журген казак бауырларымызга берсин уйсиз журген таратсын тегин жаксы болып жатканнын бары осы халыктын колдап отырганынын аркасы аркашан дауыс берип
  2. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Ия халыктики дурыс
  3. Ж
    Жазира 10 жыл бұрын
    Дұрыс айтады пікіріңіз өте жақсы екен
  4. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Я тоже присоединяюсь к сказанным словам, наша земля это святое! Родина,мать и все святое у человека!!!!!!!!!
  5. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Мен.де колдаймын жерди сатуга болмайды
  6. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Дурыс ага айттыныз.
  7. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    10 соттык жери жок жастар жур жер ала алмай акшасы жок алуга,оданда жас отбасыларына берсин,вримянка болсада салып алып отбасымен турады,канша жастар жур е жери е уй жок
  8. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Рахмет Асанәли аға.. халык бәрін өзі шешуі керек ,себебі жер, өл Ата бабаларымыздын жері..
  9. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Менин оз ойымша сатпак тугили,жалга беругеде болмайды,ертенги кунимиз не болатыны бир Аллага аян
  10. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    асанал1 коке дурыс айтып отыр. кокен1н соз1 халыктын соз1. рахмет.
  11. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Асаналы сиякты аксакал коп керек бизге, ел дин жайын тусинетн
  12. А
    Атыраудан 10 жыл бұрын
    Осындай ауызды Ақ Сақалды, Зиялы ағаларымыз болса сөзін батырып-өткізе алатын, ЖЕРДІ сатқан дегені Елін сатқаны ал жалға деген сөз тіпті айтылмау керек ҚАЗАҚТЫҢ ЖЕРІ тың далам АТА-БАБАдан келе жатқан. Қарапайым ауылда тұратын малын өріске шығарат жазда қысқа шөбін дайындайт, сол шөпті қайдан шабады өзіміздің ЖЕР АНАмыз кең байтақ жеріміз. Сондықтанда Сатылу, Жалға деген енді қайталанбаса деймін. Мемлекет жері ол әлбетте Мемлекеттің меншігі солай болу керек ЗАҢ жүзінде және солай болып қалу керек.
    1. А
      Аноним 10 жыл бұрын
      Дурыс айтасыз оздери бар жерлерди басып алып.Кара халыкты ойлап жаткан бир басшы жок.Халыктын камын ойламай керисинше халыкты тонап жеп жатыр.
    2. А
      Аноним 10 жыл бұрын
      Оте дурыс,Жер -Ана,сатугада,жалга беруге де болмайды.Жерди сатканы- елди сатканы.Жер- Ана ,кандай магыналы соз.Анамызды сатпаймыз,сол сиякты.Жерди сату,жалга беру деген естир кулакка да уят екен.Осы Атамекенимиз ушин ата- бабамыз жанын киды, келер урпак ягни биз ушин.Казир квартира жалдап кунин корип журген халык,жерди сатса болашакта кайыр сурап кетпесине ким кепил.
  13. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Халқын сүиген қазыналы қарттарымыз аман болсын.Жер шетелдікке сатылды деген сөз отан сатылды деген сөзбен бірдей.жер мемелекетпен қалықтың қазынасы.
  14. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Барлыгын сатып биты енды жер сосын не сатамыз
  15. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Асанали атама мында бир алгыс! Алла гумырынызды узак етсин! Аминь.
  16. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Дурыс айтылган жер халыктики жерди анага тенедик жерди сатса анасын сатканмен тен
  17. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Сіз сияқты жанашыр аға аталарымыз көп болса екен.
  18. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Агамыз сиякты менде жеримизден бар улт дастурлеримизден айырылып каламыз деп коркамын
  19. 1
    1976 10 жыл бұрын
    Ел ағалары осылай ойларын жеткізген құрметке әрқашан толы!
  20. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Ия дұрыс айтады. Біз сізбен толықтай келісеміз
  21. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Жал5а берген Байконырды неге кормейди . Жерди сатуга да жалга беруге де болмайды.
  22. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    алматыда аллага шукир курлыс журип тур биракта курлышы кангып бреудин босагасында квартирда 20жыл бойы жургендер коп тегин болса кайдааа
  23. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Дурыс аитылган соз,жер ананы озге келімсектерге беріп не опа таппақ,билік басындагылардың ,бари иттер
    1. А
      Аноним 10 жыл бұрын
      Жер сатугатда жалга беруге де болмайды
  24. Г
    Густан 10 жыл бұрын
    Осы жер маселесi уайым болды.Анамын,балаларымды уайымдаймын.Болашак солардiкi.Билiктегiлерге Асаналi агамыз сиякты созi отiмдi казак аксакалдары халыктын мунын,созiн,уайымын жеткiзсе екен.
  25. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    өлі риза болмай тірі байымас - деген,ата-бабамыздың қан төгіп алып берген жерін қорғап мәпелейік бауырлар
    1. А
      Аноним 10 жыл бұрын
      Асанали ага ракмет сизге! Жер-Халыктики! Жер ата-бабадан калган мура!
  26. С
    Сәуле 10 жыл бұрын
    Асаналі ағаның пікіріне 100 пайыз қосыламын! Жеріміз сатылмасын, жалға да берілмесін!!!
  27. Г
    Гость 10 жыл бұрын
    все герои!!!
  28. М
    М 10 жыл бұрын
    Жерди сотуга умтылгандар шет елдиктерге , ол адам отанын саткан адам деп санаймын.
  29. А
    Акбота 10 жыл бұрын
    осы үшінде көтеріліс болайын деді 21 мамырда, бірақ болмады үйткені болғызбады. тіпті тв-данда аса еш нәрсе айтылмады. халықтың көбісі тыныштықты сақтады. үйткені ертеңгі күнін ойлады. қазіргі заманда көбісі өз қамын ойлайдығой . жердің сатылуына қарсылық білдіріп көтеріліске шығуға батылдары жетпейді. Асанәлі Әшімовты қолдаймын бірақ амал қанша бәрі-бір жер сатылады, жалға беріледі.
  30. Қ
    Қазақ 10 жыл бұрын
    Асаналы ағамызға қосыламын. Жер сату деген сөз айтылмауы тиіс.