Кез келген адам қателесуге құқылы. Ал сіз қателесуден қорқасыз ба? Үнемі айналаңыздағы адамдар қандай пікір айтады деген ойда жүресіз бе? Ендеше, сіз басқалардың пікіріне тәуелді екеніңізді мойындаңыз.

Өзгелерге тәуелді адамның жиі кездесетін қасиеттері қандай?

1. Сіз өзгенің қажеттілігі үшін өзіңіздікінен бас тартасыз

Сіздің үнемі көмектесетін, ешқашан жолда қалдырмайтын және ортаның көркі бола алатын беделіңіз бар делік. Осының бәріне қалай келгеніңізді бір сәт ойланып көріңіз. Сол кезде айналаңыздағылардың бәрі мойныңызға мініп алып, аяқтарын салбыратып отырғанын байқайсыз. Өйткені сіз өз жоспарларыңыз бен мақсаттарыңыздан бас тарсаңыз да, басқаларды құтқаруға дайынсыз.

Көмектесу – жақсы қасиет. Алайда өзіңіз туралы басқалар жақсы ойласын деп, өз-өзіңізге үнемі зиян келтірудің қажеті жоқ. «Жоқ» деп айтуды үйренуіңіз керек.

2. Сіз үнемі мақтау күтесіз

Өзіңізді біреу мақтамаса, еңбегіңіздің нәтижесіне көңіліңіз толмайды. Бұл жұмысқа да, басқа да дүниелерге қатысты болуы мүмкін. Мәселен, сіз айнадағы бейнеңізге көңіліңіз толып тұрса да, Instagram желісінде аз ұнату белгісін жинағаны үшін үйіңізге келіп, киіміңізді ауыстырып киесіз.

Өзіңізді бөтен адамдардың мақтауына емес, объективті көрсеткіштерге қарап бағалаңыз.

3. Басқалар сізді қалай көргісі келеді, солай болуға тырысасыз

Танымал бір фильмінің көрінісінде басты кейіпкер әрбір күйеу жігітке ол ұнатқан жұмыртқадан жасалған тағамды жақсы көремін деп айтқан екен. Ақыры соңында қыздың өзі өзінің нені ұнататынын түсінбей қалады.

Ал басқалардың пікіріне қатты тәуелді адамның жағдайы бұдан да қиын. Егер сіз үнемі басқалардың ойынан шығуға тырысып жүрсеңіз, онда ішкі сенімділігіңізді іздеп, өзіңіздің кім екеніңізді анықтайтын уақыт келді.

4. Сіз үнемі өз өміріңізге деген жауапкершілікті басқа адамдарға артып қоясыз

Айналадағы адамдардың сіздің өміріңізге қатты әсер ететіні сонша, сіздің табыстарыңыз бен сәтсіздіктеріңіз солардың сөздері мен әрекеттеріне тәуелді. Бірақ мұндай жағдайды жақсы деп айтуға болмас.

Ақыл тоқтатқан адам өз өмірінің жауапкершілігін өз мойнына алып, әрбір әрекетін мүмкін болатын қатерлер мен салдарларды есепке ала отырып бағалайды.

5. Сіз басқа адамның пікірін сындарлы болмаса да, жүрегіңізге жақын аласыз

Сіз елдің бәріне ұнауға тиіс емессіз. Бірақ кез-келген сынның өзі сізді жолдан шығарып жібере алады. «Барлық гумантитарлық сала мамандары ақымақтар» деген бір пікірдің өзі сіздің сүйікті ісіңізді тастап, инженерлік салаға ауысып кетуіңізге жеткілікті. Кезекте тұрған кезде біреу «ана мұрны үлкен кісіден кейінмін» деп айтса, сіз бірден пластикалық отаға ақша жинай бастайсыз.

Сіздің айналаңызда тек ақылды адамдар ғана жүрмейді. Сондықтан, кейбіреулердің айтқан көздеріне мән бермей-ақ қойсаңыз да болады.

6. Сіз жалғыздықтан қорқасыз

Басқа адамдардың пікіріне деген тәуелділіктің салдарынан сіздің ішкі бағдарыңызда қиын жағдай қалыптасады. Сондықтан, сыртқы модераторсыз қалу сізге үрей тудырады.

Ойыңызды өзгертуге тырысыңыз, сол кезде үрейіңіз де басылады. 

7. Сіз бірнәрсені өздігіңізден істеуге қорқасыз

Сіз жұмыстағы маңызды жобадан бас тартасыз, сүйікті ісіңізге немесе бизнеске деген идеяларды кейінге қалдырасыз және соңғы рет жаңа, қызықты ойларды қашан ойлағаныңыз есіңізде де жоқ. Сіз әлсіз жеріңізді елге жария қылуы мүмкін деген сәтсіздік қорқынышымен жүресіз.

Қателесу – қалыпты жағдай. Бірақ табысқа жету үшін кейде тәуекел етуге де болады.

8. Сіз басқалардың күткен нәрсесіне өзіңізді жауапты сезінесіз

Басқаға тәуелді адам ойының ақталмай қалуынан қатты қорқады. Ата –анаңыз қалағандықтан, заңгер боласыз. Достарыңыз айтқасын, үйлене саласыз. Тіпті, кафеде әріптесіңіз берген тағамға тапсырыс бересіз.

Сіздің мәселеңізді басқа адамның талқылауға құқығы жоқ. Әркімнің өз өмірі бар.

9. Сіз басқа адамдардың кеңесінсіз шешім қабылдай алмайсыз

Егер сіз жұмысыңызды немесе тұрғылықты жеріңізді ауыстыратын болсаңыз, міндетті түрде жақындарыңыздың не ойлайтынын сұрайсыз. Олардың ойы жағдайды таразылауға көмектеседі. Бірақ егер күнделікті істерді басқа адамдардың кеңесін қажет етіп тұрсаңыз, бұл — тәуелділіктің белгісі.

Өзіңіз шешім қабылдауға үйреніңіз.

10. Сіз сыртыңыздан естіген сыбырдың бәрін өзіңізге қабылдайсыз

Айналаңыздағы адамдар әңгіме айтып, күліп тұрса, сізге өзіңізді әңгімелеп жатқандай көрінеді. Әрине, адам болған соң сөз қылады, мінеп-сынайды. Бірақ көп адамның сізде шаруасы да жоқ.

Өмірде сіздің өміріңізді талқылаудан басқа да маңызды мәселелер жетерлік. Мұндай үрейді бойыңыздан жоюға тырысыңыз.