Талдықорғанда «AsyqChamp» турнирі өткізілді

Шараның мақсаты ұлттық ойындарды насихаттау, қолдау, жастар арасында асық ойнауды танымал ету, жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, балалардың бос уақытын тиімді пайдалану және балаларды ептілікке, мергендікке, сергектікке баулу.

Алматы облысы
©Өңірлік баспасөз

«Турнир өте тартысты өтті. Себебі, мұнда облысымыздың әр өңірінен іріктелініп алынған нағыз асық атудын шеберлері жиналды. Жастары кішкентай болса да асықты қағып түсіру бойларынан ерекше байқалды. Жалпы асық атуды тек ауылда ғана емес, қалада да танымал етуге болатынын бүгінгі шара дәлелдеп берді», — дейді турнир төрешісі Умаров Қуандық.

Жарыстың маңыздылығы туралы турнир ұйымдастырушысы Оралбекова Айжан айтып өтті.

«Осындай ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін шараларымыз көп болса екен деймін. Сол арқылы келешек жас ұрпақ атадан балаға жалғасып келе жатқан ойындарымызды біліп өседі. Баланың тез ақпарат қабылдауы ерте жастан болғандықтан жарысымызға осы жас көлеміндегі қатысушыларды таңдап алуымыздың да себебі осында», — деді ол.

Алматы облысы
©Өңірлік баспасөз

Ойын соңында мергендер іріктелініп, І-ші орынды Талдықорғандық Бақытов Арнұр, ІІ-орынды Іле ауданынан Болысбай Мейіржан және ІІІ-орынды Көксулық Асылбек Ақниет иеленді. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен алғыс хатпен марапатталды.

Айта кетейік, шара Алматы облысының ішкі саясат басқармасы мен Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өтіп отыр.