Басты бетЖаңалықтарАстаналықтар экскурсиялық...

Астаналықтар экскурсиялық тегін автобустармен жүреді

Экскурсия «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығынан және «MEGA Silkway» сауда, ойын-сауық орталығынан басталады. Аудиогидтер автобус ішіндегі дыбыс күшейткіштер арқылы қазақ және орыс тілдерінде көрікті орындар мен нысандар туралы мәліметтер беріп отырады  (бір рейс — қазақ тілінде, екінші рейс — орыс тілінде, ауысу арқылы).

Экскурсияны белгілі бір тілде ғана тыңдағысы келетіндер өздерімен бірге құлаққап алып келуі керек. Мерекелік тегін серуен кезінде құлаққаптар берілмейді.

Барлық сұрақтар бойынша call-орталыққа хабарласуға болады: +7 777 555 75 75, 77-90-99.  «AiLand» аялдамасынан қозғалу уақыты: — сағ. 10.00 (қазақ тілінде); — сағ. 12.05 (орыс тілінде); — сағ. 14.45 (қазақ тілінде); — сағ. 16.50 (орыс тілінде); — сағ. 18.55 (қазақ тілінде). Аялдамалар «Хан Шатыр» СОСО, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы, «MEGA SilkWay» СОСО, Ұлттық музей және «Астана Бәйтерек» монументі. «MEGA Silkway» аялдамасынан қозғалу уақыты: — сағ. 10.00 (қазақ тілінде); — сағ. 12.05 (орыс тілінде); — сағ. 14.45 (қазақ тілінде); — сағ. 16.50 (орыс тілінде); — сағ. 18.55 (қазақ тілінде).

Аялдамалар: Ұлттық музей, «Астана Бәйтерек» монументі, «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығы, «Хан Шатыр» СОСО және «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы.

ДереккөзInform.kz