Қазақстанда салынып жатқан үйді сатып алу өте қауіпті

Сарапшылардың бағалауынша, жаңа үйлердегі пәтер бағасы 5,2 процент қымбаттады. Сонда ҚР бойынша жаңа көппәтерлі үйде бір шаршы метр жер орташа есеппен 263,1 мың теңге болып отыр. Ал сәуір айында Астанадағы жаңа үй шаршы метрінің бағасы 332,7 мың теңгені құрады. Алматыда керісінше, баға 4,6 процент төмендеп, шаршы метр құны 325,6 мың теңге болды.

Осы жылдың төрт айында 72,9 мың сатып алу-сату шарты жасалды. Жыл ішінде бұл көрсеткіш 4,5 процент көтерілді. Жаңа үйге қарағанда салынып жатқан үйлерде пәтерлердің қолжетімділігі жоғары.

Осы саладағы сервистердің біріндегі ақпаратқа сүйенсек, Алматыда 2020 жылы пайдалануға берілетін пәтер бағасы 2017 жылы берілген пәтер бағасынан 42,3 процент арзан болады. Ал 2019 жылы берілетін пәтер құны 13,2 процент, 2018 жылғылар 11,2 процент төмен.

Сонымен қатар, Астанада 2017 жылы пайдалануға берілген үйден келесі жылы құрылысы аяқталатын үй 4,3 процент, ал одан кейінгі жылы берілетін үй 16,3 процент арзан.

«Бірақ салынып жатқан үйге ақша салу өте қауіпті. Бүгінде еліміз бойынша бар болғаны 85 компанияға салымшылардың ақшасын алуға рұқсат берілді. Дегенмен бірнеше құрылыс компаниясы заңды айналып өтіп, үй салғанға ақша алады. Ал рұқсатсыз салынып жатқан үйдің салымшылары баспанасыз қалуды тәуекел етеді. Нарықта ешқандай кепілдіксіз салынып жатқан үйлер көп. Компания банкрот болып қалса, үйді кім салады деген кепілі де жоқ. Қазір мұндай құрылысқа ресми құқығы жоқ компаниялар да кіріп кетті», — деп жазады сарапшылар.

Мысалға, жауап бергендердің ішінде Астана бойынша үлескерлік қатысу шартына тек бір компания қол қоюға дайын. Ол – елордадағы ең ірі құрылыс компаниялардың бірі.

Дереккөзbaq.kz