ҚР Ішкі істер министрлігі Жомарт Ертаевтың не себепті ұсталғанын мәлімдеді

Қазақстан ІІМ Интерполы Ұлттық орталық бюросының сұранысы бойынша аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айыппен халықаралық іздеуде болған ҚР азаматы Ертаев Жомарттың ұсталғаны айтылады.

«Bank RBK» АҚ директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі болған уақытта Ертаев жалған ЖШС арқылы 80 миллион АҚШ долларынан астам сомада банктен борыш алуға мүмкіндік жасаған. Сондай-ақ бұл қаражатты қайтармау үшін түрлі іс-әрекетке барған», — деп жазылған хабарламада.

Қазіргі уақытта ұсталған банкирді Қазақстанға қайтару мәселесі шешіліп жатыр.

Айта кетейік, Жомарт Ертаев 1990 жылдарды Қазақстанның банктерінде басқарушы лауазымдарды иеленді. 2009 жылы бухгалтерлік есеп және қаржы есебі туралы заңнаманы бұзды деген күдікпен қамауға алынып, тоғыз айдан соң айыппұл төлеп, босап шыққан болатын. Кейін бірнеше жыл «Алма ТВ» ЖШС кабельді телевизиясын басқарды. 2016 жылы күзде «Алма Групп» директорлар кеңесінің төрағасы әрі компания президенті болды. 2017 жылдың мамырынан бері «Тройка-Д Банк» АҚ (банктің 5% акциясы тиесілі) және «Волго-Окский коммерческий банк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.
ДереккөзSputniknews.kz