Павлодарда су патрулі пайда болды

Алғаш рет суға жіберілген полиция шағын кемесі GPS-навигатормен, белгі беретін дауыс зорайтқыш құралымен, жарықтың жылтылы және айырғыш белгілермен жабдықталған. «Windboal-47» моторлы қайығымен бес қызметкер бір мезетте кезекшілік атқара алады. Бүгінгі күні үш полиция қызметкері қайықты жүргізу бойынша курстан өтті.

Су патрулі Ішкі істер департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіровтің бастамасымен құрылды.

ДереккөзPavlodarnews.kz