БАҚ: Алматыдағы Республика алаңы маңыннан жарылғыш зат табылды

Полицейлер өткен-кеткендерден қоршалған аймақтан айналып өтуді талап етті. Бұдан бөлек оқиға орнына өрт сөндірушілер мен медиктер шақырылды. Абырой болғанда, олардың көмегі қажет болмады.

Жергілікті тұрғындар хабарлағандай, бұл жайтқа орай қауіпсіз жерге шығу туралы ешкім хабарламаған.

«Жұмыс істеп жатырмыз. Ол жерде не болып жатқаны бізге де қызық, алайда кассаны тастап, не болып жатқанын көруге шығып кетпейміз ғой. Ал қауіпсіз жерге шығу туралы ештеңе айтпады», — дейді азық-түлік дүкенінің сатушысы.

Бостандық ауданының ІІАБ-і жедел қызмет өкілдері шөлмектер табылғанын растады. Оларға керосин құйылған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Арматура жарылғыш заттар

Арматура жарылғыш заттар

Арматура жарылғыш заттар

Арматура жарылғыш заттар

Дереккөзnur.kz